Cүйікті адаммен бірге көруге болатын фильмдер

Демалыс күндері көруге болатын романтикалық фильмдер топтамасын назарға ұсынамыз.

Махаббатпен Рози
С любовью, Рози

Рози мен Алекс – жақын достар. Бір-біріне сезім болса да мойындауға батылдық жетпейді. Алекс оқуға түсіп, Бостонға кетеді. Сол жақта басқа қызбен қарым-қатынас құрады. Рози болса Грег есімді азаматпен көңіл қосады. Жеке өмірдегі өзгерістерге қарамастан екеуінің сезімі сөнбейді.  

Жады күнделігі
Дневник памяти

Ной мен Элли екі тап өкілдері. Соған қарамастан олар бір-бірін жақсы көреді. Жазды бірге өткізгеннен кейін ата-анасы қарсы болып екіге айырылады. Уақыт өте Элли биззнеменнің қалыңдығы болад, ал Ной болса ата-анасынан қалған үйде ескі естеліктермен өмір сүреді. Бірақ Элли батыл қадам жасауға шешім қабылдайды.

Ұлы Гэтсби
Великий Гэтсби

Ник өзіңе қарама-қарсы орналасқан Джей Гэтсбидің кештерге толы бай өміріне қызығып қарайды. Ол сырттай бақылап жүріп Гэтсби мен отбасылы әйел Дэзи арасындағы сезімнің куәгері болады.  Байлық ол үшін алдау, иллюзия мен былыққа айналады.

Ынтызар
Вожделение

Беделді саясаткер Йи мырза өзінің жас әйелінің құрбысы Вангқа ес-түссіз ғашық болып қалады. Олардың сезімі күшейе түседі. Әдетте жан-жағындағыларға сақтықпен қарайтын Йи Вангтың шын мәнінде кім екенін білмейді.  

Өтем
Искупление

13 жастағы Бриони пьеса жазады әрі оның қиялында шек жоқ. Үй қызметшісінің ұлы Робби әпкесі Сесилияға ғашық екені біледі. Бірақ жиені Лола зорлық құрбаны болған кезде Брионы Роббиді кінәлі етіп көрсетеді.  Кейін жас жігітті түрмеге алып кетеді. Әпкелі-сіңлі арасында араздық пайда болады.

Сәлем, Джули!
Привет, Джули!

Джули Бейкер бір көргеннен Брайс Лоскиге ғашық болады. Ал жас бала болса қызды  ұнатпайды. Тіпті, жек көріп кетеді. Осылай олар сегізінші сыныпқа келгенше жүреді. Кейін Джулидің сезімі суып бастайды. 

Ессіз бай азиаттар
Безумно богатые азиаты

Тегі қытайлық Рэйчел Чу Нью-Йоркте өскен. Сүйіктісі Никпен бірге Сингапурға аттанады. Келе сала ол өзінің жігіті жайынды қызықты деректер біле бастайды. Жігіті өзінің Азиядағы ең бай әулеттің мұрагері екенін жасырған боп шығады.

Жұлдыздың туылуы
Звезда родилась

Атақты әнші Мэйн талантты Эллиді кездестіреді. Екеуі бір-біріне ғашық болады. Сүйіктісінің арқасында Элли жұлдызға айналады.

Адалиннің ғасыры
Век Адалин

Адалин Боуман 1908 жылы дүниеге келген. 29  жасында апатқа ұшырайды. Кейін оның мүлде қартаймайтыны әрі мәңгі өмірге ие болғаны белгілі болады. Қарым-қатынас құру ол үшін қиын болғандықтан, әрдайым ғашық болмауы үшін барын салады. Бірақ бір күні жүрегінен орын алған адамды кездестіреді.