Алдағы III Baikonyr Short Film Festivalфестивалінде байқаудан тыс бағдарлама аясында қырғыз киносының кеші өтеді. Көрсетілім 20 қыркүйек күні басталады. Baikonyr SFFқатысушылары мен қонақтарына Қырғызстан режиссерлерінің 5 қысқаметражды фильмі ұсынылады. Барлық картиналар халықаралық кинофестивальдердің қатысушылары мен жүлдегерлері атанған. Кеш бағдарламасын белгілі кинотанушы, киносыншы,FIPRESCIменNETPACмүшесіГүлбара Толомушоважасаған. Сонымен тізімге көз жүгіртетін болсақ, бағдарламаға енген туындылар қатарында режиссерАсқар НұрақунулуныңКиноман (2017) аталатын дебюттік фильмі бар. Таспа сюжеті кинозалға жасырын түрде кіргісі келген балақай жайлы баяндайды. Бірақ оның барлық әрекеті сәтсіз болады. Оған есіктің сыртынан шығып жатқан дыбысқа ғана қанағаттануға тура келеді. Фильм ТМД елдері жастар киносы Үміт Форумының Бас жүлдесін, Кайсеридегі (Түркия) фестивальден алғанҚазылар алқасының арнайы жүлдесінжәне Достастық киномектебінің (Грузия) қысқаметражды фильмдер байқауында бірінші орын иеленген. Сондай-ақ, картина Германиядағы Халықаралық MoFrieseбалалар фильмдері кинофестивалінің байқау бағдарламасына және ШвециядағыBUFF Malm International Film Festivalкинофестиваліне іріктеліп алынған. Тізімде Чолпонай Борубаеваның2018 жылы жарыққа шыққан Омур (Өмір)аталатын картинасы да бар. Таспа шалғайдағы ауылда тұратын, өзінің жерлеу рәсімін ұйымдастырған егде әйел жайлы баяндайды. Фильм негізіне Алай ауылында расында да тұрған Нават есімді жалғызбасты әйелдің шынайы хикаясы арқау болған. Картина Грузиядағы Достастық киномектебінің қысқаметражды фильмдер байқауына, сондай-ақЕуразия-2018 ХКФ байқауына қатысты. Келесі Ақжол Бекболотовтыңсонау 2007 жылы ұсынылған Бізде бәрі жақсы қысқа метражы. Сюжетте қаңғыбас-жетім Шералы мен алқаш ата-анасының үйден қашып кеткен Қиялбектің өмірі баяндалады. Фильм Тегерандағы (Иран)XIII жас режиссерлар фестиваліндеАзия-Тынық мұхиты аймағынан шыққан үздік жұмыс деп танылды, ал 2009 жылы ТМД елдері жастар киносы Үміт Форумында Бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, таспа Дрезден (Германия) мен Дубайдағы (БАӘ) халықаралық кинофестивальдердің байқау бағдарламаларында таныстырылды. ОймоқҚасиет Қубанычбекқызының2017 жылғы деректі картинасы. Таспада бүркітші Аманның хикаясы баяндалады. Ол бір күні жаралы бүркітті тауып алады да, үйіне апарып емдейді. Бірақ, Аманның үйінде өзі бастап өсірген Оймоқ есімді бүркіті бар болатын. Жаңа келген қонақтан иесін қызғанған бүркіт жартастарға ұшып кетеді. Аман қанатты досын іздеуге аттанады. Таспа қоржынындаАқ Ілбіріс 2018жүлдесінің Үздік деректі фильм сыйлығы және ТМД, Балтия және Грузия елдерініңҚырғызстан қысқаметражды фильмдер еліVII ХКФұлттық байқауында алған Үздік фильм номинациясындағы жеңісі бар. Таш - Құмыр Евгений Чистяковтың2017 жылы жарыққа шыққан қысқаметражды жұмысы. Оқиға кейіпкерлері тастанды қала Таш-Құмырда шахтада жұмыс істеп, нан табатын екі жасөспірім. Балалар армандарына қол жеткізетіндеріне әлі де сенімді. Фильм VIIҚырғызстан қысқаметражды фильмдер еліфестивалінде Үздік режиссура және Үздік дыбыстық әрлеу номинацияларын жеңіп алған. Baikonyr Short Film Festivalфильмдерінің көрсетілімдері бір уақытта екі қалада АлматыдаKinoplex Saryarkaкинотеатрында және АстанадаKinopark 8 IMAX Saryarka кинотеатрында өтеді. www.brod.kz