Бүгін Baikonyr Short Film Festival-де өзбек киносының көрсетілімі болады. Қысқаметражды картиналар байқаудан тыс бағдарламада көрермен назарына ұсынылады. Тізімге Өзбекстан режиссерлерінің 5 картинасы енген. Көрермен көрші мемлекеттің үздік фильмдерімен таныстыру мақсатында ашылған.Күні кеше қырғыз қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі болып, тізімдегі картиналар қатарынан Евгений Чистяковтың Таш-көмір аталатын туындысы ерекше қошеметке бөленді. Бүгін сағат 18:00-де Saryarka Kinoplexx- те болатын кино тізімінде Мухлиса Азизованың(ХIII Еуразия ХКФжәне КанндағыShort Film Cornerқатысушысы,PROlogueфестиваліндеҮздік қысқаметражды фильм жүлдесі)Бойжеткен картинасы,Мафтуна Аллокулованың(PROlogueфестиваліндеҮздік сценарийжүлдесі)Хорезм менің махаббатымфильмі,Ильхамджанов АбдуазимменАбдурахманов Ботирдың(Ертіс Cinema ХКФIII дәрежелі дипломы,Қырғызстан қысқаметражды фильмдер еліфестивалінің қатысушысы)Анакартинасы,Шокир Халиковтың ШәйжәнеДилшода Абдурахимованың Qulunтаспасы бар. Естеріңізге сала кетейік, III Baikonyr Short Film Festival20 қыркүйек күні басталған болатын.