Baikonyr Short Film Festival: Бүгін өзбек киносының көрсетілімі өтеді

Baikonyr Short Film Festival: Бүгін өзбек киносының көрсетілімі өтеді
Фото: vk.com

Бүгін Baikonyr Short Film Festival-де өзбек киносының көрсетілімі болады. Қысқаметражды картиналар байқаудан тыс бағдарламада көрермен назарына ұсынылады. Тізімге Өзбекстан режиссерлерінің 5 картинасы енген.  

Көрермен көрші мемлекеттің үздік фильмдерімен таныстыру мақсатында ашылған. Күні кеше қырғыз қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі болып, тізімдегі картиналар қатарынан Евгений Чистяковтың "Таш-көмір" аталатын туындысы ерекше қошеметке бөленді.

Бүгін сағат 18:00-де Saryarka Kinoplexx- те болатын кино тізімінде Мухлиса Азизованың (ХIII "Еуразия" ХКФ және Канндағы Short Film Corner қатысушысы, PROlogue фестивалінде "Үздік қысқаметражды фильм" жүлдесі) "Бойжеткен" картинасы, Мафтуна Аллокулованың (PROlogue фестивалінде "Үздік сценарий" жүлдесі) "Хорезм – менің махаббатым" фильмі, Ильхамджанов Абдуазиммен Абдурахманов Ботирдың ("Ертіс Cinema" ХКФ III дәрежелі дипломы, "Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі" фестивалінің қатысушысы) "Ана" картинасы, Шокир Халиковтың "Шәй" және Дилшода Абдурахимованың "Qulun" таспасы бар.

Естеріңізге сала кетейік, III Baikonyr Short Film Festival 20 қыркүйек күні басталған болатын.

Т. Раушанұлы