"Бұйрабас махаббат" қысқаметражды анимациялық фильмі биыл Оскар сыйлығын иеленді. Қызығы сол – авторы бұл жеңісті осыдан 8 жыл бұрын сезген екен.
I'm gonna be nominated for an Oscar one day. Already claiming it
— Matthew A. Cherry (@MatthewACherry) June 2, 2012Мэтью А. Черри 2012 жылы аталған туындысы туралы Twitter-дегі парақшасына "Күндердің бір күнінде мен Оскар аламын" деп жазған. Ал 2 күн бұрын айтқаны айдай келді.
Кейін 2016 жылы қысқаметражды фильмнің идеясын ұсынып, ойын жүзеге асыру үшін көмекшілер іздейді. Ол әрекетін де Twitter-ге "Мен Оскар алатындай туынды түсіргелі жатырмын. Маған қосылатындар бар ма?" деп хабарлаған екен. Бір жыл өткен соң 300 мың АҚШ долларынан астам қаржы тауып, іске кірісе бастайды. Былтыр жарыққа шыққан фильм биыл мақсат тұтқан жеңіске жетті.
Анимациялық қысқаметражды фильмде әкенің 7 жасар қызының шашын әдемі етіп сәндеп беруі туралы. Басты кейіпкердің қызы анасы бейнеде көрсеткендей қалың шашың бууға тырысады. Алайда, әкесінен көмек сұрайды, біраз тырысқан әке қызына ұнайтын шаш үлгісін жасап береді. Осы кезде көрерменнің "Ал анасы ше?" деген сауалына жауап та белгілі болады.
"Бұйрабас махаббат" анимациялық фильмі "Қызым", "Китбулл", "Есте қалған" және "Әпке" атты 4 түрлі туындымен сынға түскен болатын.
Оскарға ие болған жеңімпаз Twitter-дегі бұрынғы жазбасын еске алып, "Дәл таптың!" деп қайта жариялапты.