Әділхан Ержановтың «Түңгі құдай» фильмі көп ұзамай екі беделді әлемдік кино көрмелерінде көрсетілетін болады.
13-19 қыркүйек аралығында Жапонияда 29-шы Focus on Asia Fukuoka International Film Festival фестивалі өтеді. Сол жерде Ержановтың картинасы “New and Much Talked About Films from Asia” секциясына енгізілген. Сондай-ақ, фильм Швециядағы Қазақстан киносының фестиваліне қатысады, ол 28 Тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Туынды "Short Brothers" компаниясының қатысуымен "Қазақфильм" киностудиясында жасалды.
Осылайша, премьерасы 2018 жылы 40-шы мерейтойлық Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында болған авторлық фэнтези-драма, әлемдік сыншылар Андрей Тарковский мен Алексей Германның картиналарына ұқсатқан туынды, тағы да азиялық және еуропалық кино бағалаушыларын қуантуға дайын.
"Түнгі Құдай" шаршаған және ашулы адамның (актер Баймұрат Жұманов) тарихын баяндайды, ол өзінің қызы-жасөспіріммен (Әлия Зайналова) бірге ешкім жоқ қалада қаңғырып жүреді, ал қаланың барлық тұрғындары қорқынышпен аспанда мифтік жаратылыстың пайда болуын күтуде. Аты аңызға айналған американдық кинокритик Джонатан Розенбаум фильмді ""Бұл дыбыстар мен бейнелер шеберінің, үмітсіз ақынның қарғысы" деп сипаттады.
"Бұл фантасмагория, сюжеттің мифологиялық деконструкциясы, сәтсіздік, абстракция - бұл формада, экспериментте. Мұндай эксперименттердің көрермендерге жол тартатын өз алаңдары барына қуаныштымын. Онда оператордың жарықпен толағай жұмысы бар – бәрі табиғи жарықсыз түсірілді, бұл суретшінің еңбегі және, әрине, бүкіл команданың еңбегі", - деді фильм туралы Әділхан Ержанов.
Мәңгілік қыста жатқан, нақты адамдар, сондай-ақ фантастикалық хайуандар өмір сүретін мегаполистің апокалиптикалық көріністері Ержановтың тұрақты қоюшы-суретшісі Ермек Өтегенов және қоюшы-операторы Едіге Несіпбековтың қатысуымен жасалған. Фильмге музыканы композитор Нұрасыл Нұриддин жасады, фильмнің продюсерлері Серік Әбішев пен Ольга Хлащева. Фильмде басқа басты рөлдерді Нұрбек Мұқышев, Теоман Хос және Константин Козлов орындады. Қаланың тұрғындарының бірін танымал әнші Мақпал Исабекова сомдап шықты.
Өткен жылы «Түнгі Құдай» Париж қаласында өткен l' Etrange Film Festival фестивалінде Әділхан Ержановтың ретроспективасы аясында, режиссердің өзінің қатысуымен көрсетілді. Сондай-ақ, картина Канадада, Үндістанда, Индонезияда, Ресейде және Қазақстанда кинофестивальдарға қатысты. Осы жылдың шілде айында фильм еліміздің кинотеатрларында шектеулі прокатқа шықты.