Әлеуметтік желілерде атақты дизайнер Александр Маккуин туралы деректі фильмнің алғашқы тизері шықты. Фильм түсірілімімен Ян Бонот және Питер Эттуги есімді режиссерлер айналысқан болатын. Картина сюжеті британиялық генийдің қысқа болса да, мәнді өмірінен сыр шертеді. Оның Anderson Sheppard шеберханасынан басталған мансабының шарықтау шыңға жеткен кезеңіне дейін сипаттайды. Беймезгіл өлімі туралы да сөз болады. Картинаның дені Маккуиннің туыстары мен достарынан алынған сұхбат негізінде жасалған. Деректі фильмде дизайнердің жеке мұрағатынан алынған видеокадрлар, бэкстейдж түсірілімдері мен McQueen шоуларындағы ең маңызды сәттер кездеседі.Көрсетілімосы айдың 22-ші жұлдызында Трайбек кинофестивалінде өтеді.