Дәрігерлер туралы сериалдар

Дәрігерлер туралы сериалдар
Фото: 34.ua

Ақ халатты абзал жандар туралы кітаптар жазылып, фильмдер түсіріліп жатыр. Өйткені, олардың еңбегіне баға жетпейді. Жастар арасында, әсіресе, болашақ дәрігерлер аурухана өміріне қатты қызығады.  Ал, оның сериалдар арқылы көруге болады...
 ыы

"Хаус Дәрігер" (2004 – 2012)
Грегори Хаус басқаратын дәрігірлер тобы туралы бұл сериал Принстон– Плейнсборо ауруханасында болған оқиғалармен таныстырады.  Бір бөлімінде емделушінің өмірі үшін арпалысатын жандар үшін ең маңызды мәселе – диагнозды дұрыс қою. Бірақ, кейде ол мүмкін емес. Себебі, емделушілер міндетті түрде бір сыр жасырады. Ал, дәрігер Хаус болса өзінің ақылына сүйеніп, міндетті түрде қанда құпия екенін табады.

ыы
"Жедел жәрдем" (1994 – 2009)
15 жыл бойы рейтингі түспеген дәрігерлер туралы ең қызықты сериал. Чикаго емханасының жедел жәрдем бөлімшесінің қызметкерлерінің адам өмірі үшін арпалысы мен олардың жеке өмірінен сыр шертетін сериал ұзақ уақыт бойына өзінің өзектілігін жоғалтпаған еді.

ыыы
 «Емхана» (2001 – 2010)
Комедия-драма жанрындағы сериал колледжді енді аяқтаған жас маман әрі жақсы достар  Кристофер Терк пен Джон Дорианның өмірі туралы. Түлеп ұшысымен екеуі Sacred Heart емханасына жұмысқа тұрады. Басында кәсібіне мен жеке өміріне байланысты көптеген қиындыққа тап болады. Олардың қиындықтармен күресу жолдары мен жеткен жетістіктерін өз көзіңізбен көргіңіз келсе, бұл сериалды қарауға ұсынамыз.

Т. Есқали