- Негізгі бет
- Кино
- Әйгiлi француз режиссерi...
Әйгiлi француз режиссерi Жан Люк Годар туралы фильм шықты
Француз кинематографиясының жарқын өкілі Жан Люк Годар туралы «Жас Годар» кинокартинасы шықты.
Картинада Францияға өзгерістер легі келген 1967 жыл көрсетіледі. Кинематографиядағы «жаңа толқын» өкілі Жан-Люк Годар осы кезеңде студенттер мен маоизм туралы фильмін түсіреді. Түсірілім барысында актриса Анн Вяземски оның музасына айналады. Қарапайым әрі интеллигентті сұлу да әр сәт сайын Годардың данышпандығына тәнті болады.
«Жас Годар» кинокартинасының сюжеттік желісіне де арқау болған осы актрисаның Годар туралы естелік кітабы еді. «Жыл өткен соң» деп аталатын туынды оның кинематография майталманымен болған отбасылық өмірінен сыр шертеді. Бір қызығы, кітап қоюшы режиссердің қолына кездейсоқ түскен. Пойызға кешігіп қалғандықтан, қолына түскен естелік кітапшаны парақтап отырып киносценарийге идея алыпты. Анн ханым да жазушы Франсуа Мориактың немересі болған соң, суреткерліктен кенде емес боп шықты.
Бұл картинаны түсірген Мишель Хазанавичус фильм туралы: «Годар мен туралы фильм түсергеннен гөрі, мен ол туралы түсіргенім дұрыс болды,» - деп қалжыңдайды.
А. Оралқызы