Ауа-райын болжаушылардың айтуынша, қардың көп бөлігі Республика алаңында ғана жауады. Дәл осы күні қыс мезгіліне жаны құмар алматылық тұрғындар Санта-Клаусты күтіп алу үшін "Алмалы" сауда орталығының алдына жиналады, деп хабарлайды «Экспресс К».
Аптап ыстық ауа-райы әбден титықтатып жіберген оңтүстік астанамыздың тұрғындары бір мезгіл болса да, тамыз айында қар жауғанының куәсі болмақ. Әйткенмен бұл тосын құбылыс көпке ұзамайды. Мезгілсіз жауған қармен қауышуға қалың қысқы тондары мен етіктерін киіп жүзге жуық адам келмек. Олардың көшінен отандық шоу-бизнес саласының жұлдыздары да қалып қоймайды.
"Бұл ешқандай да алдау не арбау емес. Тек жексенбі күні Республика алаңында Тимур Бекмамабетовтың «Елки-3» атты жаңа комедиялық кинофильмінің түсірілімі өтпек", - деп жобаны ұйымдастырушылардың бірі Татьяна Синенко елді сабасына түсірді
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: infpol.ru