"32 жаста": Биыл "Алтын пальма бұтағын" алған фильмде бас кейіпкерді сомдаған жас актрисаның неден өлгені белгілі болды

"32 жаста": Биыл "Алтын пальма бұтағын" алған фильмде бас кейіпкерді сомдаған жас актрисаның неден өлгені белгілі болды

75-ші Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағын» швед режиссері Рубен Эстлундтың «Мұң үштағаны»(Triangle of sadness) фильмі жеңіп алды. 

Фестивальдегі алғашқы көрсетілімінде көрермен фильмнің командасын сегіз минуттық ыстық қошеметпен қарсы алды. Жабылу салтанаты кезінде жоғары марапатқа ие болған фильм екінші рет көрсетілді. Пандемияға байланысты фильм түсірілімі екі рет үзілген екен.

Рубен Эстлунд — ең табысты швед режиссерлері мен сценаристерінің бірі. Бірқатар фильмдерде кинематограф, редактор болып та жұмыс істеді. "Мұң үштағанында" басты рөлдерді Харрис Дикинсон, оңтүстік африкалық модель және актриса Чарлби Дин және америкалық актер Вуди Харрелсон сомдады.

Чарлби Дин халықаралық танымалдыққа осы Рубен Остлундтың «Қайғы үшбұрышы» фильміндегі басты рөлі арқылы жетті. Өкінішке орай, премьерадан бірнеше ай өткен соң, 29 тамызда ол Нью-Йоркте кенеттен қайтыс болды. Чарлби небәрі 32 жаста еді. Таңертең қыздың басы қатты ауырып, оны жедел жәрдем алып кеткен. Бірнеше сағаттан кейін ол ауруханада қайтыс болды.

People Mag (Нью-Йорк қалалық медициналық сараптамасының өкіліне сілтеме жасап) өлімнің себебін жариялады. Дин Capnocytophaga әсерінен кейін бактериялық сепсистен қайтыс болды. Актриса 2009 жылы Кейптаундағы жол апатынан кейін көкбауырын алып тастағаннан кейін осы ауруға шалдығу қаупі жоғарылар тізіміне өткен.

 

А. Оралқызы