Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон «Күн қақпасы» фильміне түсіп, онда өзін-өзі сомдаған. Бұл туралы спортшының өзі хабарлап, YouTube арнасындағы аккаунтында проморолигін де жариялады, – деп жазады inform.kz..
Тайсоннан басқа актер Смайн мен кунг-фудан бұрынғы әлем чемпионы Лори Пестер түскен алжирлік кинотуынды экранға 18 наурыз күні шығады.
Бұған дейін әлемге әйгілі былғары қолғап шебері өзінің өмірбаянын баяндайтын фильмдерден басқа да бірқатар картиналарға түскен еді.
сурет: bestin.ua