2021 жылғы "Оскар" пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Киноөнер және ғылым академиясы 93-ші академиялық марапаттарды 2021 жылғы 28 ақпаннан 25 сәуірге ауыстырды.
Сондай-ақ, кино академиясының көпшілік назарына ұсынатын музейі 2020 жылы желтоқсанда ашылуы керек еді. Ол да 2021 жылдың 30 сәуіріне ауыстырылды.
Бұл өзгерістер коронавирус пандемиясы мен АҚШ-та карантиндік шараларға байланысты жасалды. Шектеулерге байланысты көптеген кинокомпаниялардың өз фильмдерін уақытында шығаруға үлгермей жатыр. Осы себепті Академия "Оскарға" үміткерлерді қабылдау мерзімін өзгертті.
Сәуір айының соңында кино академиясы интернетте көрсетілген фильмдерді таңдауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді, өйткені пандемия кезінде кинотеатрлар жабылды. Мұндай шешім Оскар тарихында алғаш рет қабылданды. Кино көрсетілімін ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ереже кинотеатрлар қайта ашылған кезде аяқталады.