Бәрімізге жақсы таныс Forbes журналы жыл сайынғы дәстүр бойынша 2013 жылдың ең табысты және ең табыссыз актерлерінің тізімін жасап шықты.
Биылғы жылы көрерменге жол тартқан фильмдері арқылы зор табысқа жеткен актерлар тізімі төмендегідей:
1. Дуэйн Джонсон – 1,3 млрд. доллар
2. Кіші Роберт Дауни – 1,2 млрд. доллар
3. Стив Карелл – 964 млн. доллар
4. Вин Дизель - 887 миллион доллар
5. Сандра Буллок - 862 миллион доллар
6. Марқұм Пол Уокер - 789 миллион доллар
7. Билли Кристал - 743 миллион доллар
8. Джон Гудман - 743 миллион доллар
9. Крис Хемсворт - 701 миллион доллар
10. Дженнифер Лоуренс - 700 миллион доллар
Жоғарыда атап өткеніміздей, Forbes басылымы Голливудтың ең пайдасыз актерлерінің де тізімін жариялады. Аталған тізім актерлердің қаламақысын, фильмдердің бюджетін, олардың өндіріс шығындарын және прокаттан түскен пайданың көлемін салыстырып есептеу арқылы жасалған.
Рейтингті Адам Сэндлер бастап тұр. Оның соңғы түскен үш картинасы үшін төленген еңбекақының әр долларынан 3,4 доллар пайда келген.
Екінші орында – актриса Кэтрин Хайгл. Оған төленген әр доллардан 3,5 доллар табыс түседі. Үшінші орында - 3,9 доллар пайда әкелетін Риз Уизерспун.
Бұл актерлердің тізімін Николас Кейдж, Кевин Джеймс, Дензел Вашингтон, Стив Карелл, Дженнифер Энистон, Мэтт Дэймон, Райан Рейнольдс секілді жұлдыздар жалғастырады.
Ал сіз үшін жылдың ең үздік немесе ең сәтсіз актері кім? Ой бөлісіңіз!
Жылдың үздік фильмдері туралы мына жерден оқи аласыз.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: gazeta.ru