"Жасыл миля" көңіліңізден шықса...

"Жасыл миля" көңіліңізден шықса...

Стивен Кингтің туындысы бойынша экранизацияланған «Жасыл миля» фильмі жүрегіңізден орын алған болса бұл жазбаны өзім үшін деп біліңіз. Өте тартымды әрі мұңды картина туралы топтама ұсынылады.

Стивен Кинг – психологиялық триллер жанрында қалам тербейтін жазушы және адам нанғысыз сюжеттер жасаудың шебері. Оның «Жасыл миля» романы федеральді түрменің бұрынғы күзетшісінің баяндамасы ретінде жазылған. Роман 1996 жылы жазылып бітсе, фильм 1999 жылы түсірілді. Кингтің шығармаларына 30-дан аса толық метражды фильм түсірілгенімен, жалғыз «Жасыл миля» үлкен танымалдылыққа ие болып, 100 000 000$ табыс тапты.

Фильм режиссері Фрэнк Дарабонт Кингтің шығармалары арқылы үлкен мансапқа жетті. Алайда, «Жасыл миля» – жай ғана романмен аттас экранизация емес, бұл нағыз бірегей туынды. Жоғарыда айтқанымыздай, киноның премьерасы 1999 жылдың 6 желтоқсанында өтті.

Алғашында Пол Эджкомбтың рөлі осыған дейін «Кэрри» фильмінде Билли Нолан рөлімен танылған Джон Траволтаға ұсынылады. Бірақ ол бас тартқан. Продюсерлер ұзақ уақыт бойы Джони Коффтың рөліне де адам таба алмайды. Бұл туралы кездейсоқ естіп қалған Брюс Уиллис Майкл Клар Дунканды ұсынады (екеуі «Армагеддон» фильмінде бірге ойнаған).

Том Хэнкс Пол Эджкомбтың қартайған шағын өзі ойнауы керек болатын. Алайда, гримерлер оған арнап сенімді қарттың гримін жасай алмайды. Режиссерлар дереу кастинг жасап, 81 жастағы Дэббс Грирді таңдайды. Бұл – ардагер-актердің соңғы рөліне айналды. 1949 жылдан бастап экраннан көрінген Грир 2007 жылы 90 жасында қайтыс болған.

Майкл Джетер (Эдуар Делакура) ертеректе «Тышқан аулау» киносында (1997) осы фильміндегі рөліне ұқсас кейіпкерді сомдаған.

Екі тісті қарттың рөлін діни актер Гарри Дин Стэнтон алып шығады. Міне, қызық, фильмде Гарри және Дин Стэнтон деген кейіпкерлер бар. Бұл жай ғана кездейсоқтық, себебі, романда осы аттас кейіпкерлер бұрын жазылып қойған.

Роман бойынша оңбаған Перси Уэтмор 21 жаста болу керек еді. Ал Персиді ойнаған Дак Хатчинсон 39 жаста екен. Оған ешқандай жасартып көрсететін грим қолданбаған. Дак өз жасынан әлдеқайда кіші көрінеді. Ол кастингке келгенде өзін 30 жастамын деп таныстырған екен.

Мистер Джинглстың рөлін бірден 30 талантты тышқан ойнаған (компьютерлік итаршыларды қоспағанда). Барлық тышқанға актерлар мен түсірілім тобының есімдері қойылады.

Джорджия-Парис қарттар үйі ретінде Мозес-Коун Ұлттық саябағында (АҚШ, Каролина) орналасқан Флэт-Топ-Мэнор жер иелігі таңдап алынған.

Ал «Суық тау» түрмесінің «рөлін» Теннеси штатының мемлекеттік түрмесі сомдайды.

Өлім жазасына кесілетін орынның интерьері мінсіз етіп жасалынған: тамашалап отырған көрерменде негативті әсер пайда болады. Жасыл еден біреу мүлкіңді тартып алатындай, жартылай қараңғы абақтылар қорқыныш, дәлізде құлағалы тұрған орындық уайым сезімдерін оятады.

«Жасыл миля» туындысының оқиғалары Мэн штатында өтеді. Стивен Кингтің басқа романдарынан айырмашылығы – мұндағы әрекеттер Луизиана штатында өтеді. Алайда, Мэн штаты бұл шығармадан қалыс қалмаған. Басты кейіпкер Эджкомбтың есімі – Мэн штатының жағалауындағы қалашықтың аты екен.

Стивен Кинг кітаптың соңына дейін Джон Коффидің тарихының қалай бітетіндігін анықтай алмаған. Оны өлтіру я тірі қалдыру туралы ұзақ ойланады.

Фильм басында қарт Пол Эджкомб қорқынышты түс көріп оянады да, таңғы ас ішуге барады. Оның аяғының астында жасыл түс байқалады. Бұл Эджкомбтың әлі күнге дейін өзінің жасыл милясымен жүргенін білдіру үшін қолданылған. Осы кезде орындалатын әуен Мантовани оркестрінің ең танымал композицияларының бірі саналады. Бұл әуен Милош Форманның «Көкек ұясының үстінде» фильмінде де қойылады.

Фильмде күзетшілер арнайы киім киіп жүреді. Шын мәнінде 1935 жылдары түрме қызметкерлерінің арнайы формасы жоқ болған. Мұны қателік деуге келмес, фильмді жасаушылар бұл анахронизмді жарқын көркем бейнелер жасау үшін қолданған.

Фильм үшін арнайы жасалған «электрлі орындық» ескі модельдің сызбасы бойынша жасалған.

Стивен Кинг түсірілім алаңына келгенде өзін «электрлі орындыққа» байлап қоюын өтінеді. Бұл оған кейіпкердің сезімін түсіну үшін керек болған. Алған әсер ұнамағандықтан, дереу босатуын сұрайды.

Джон Коффи Бостондағы (Массачусетс штаты) Эмерсон колледжінде тарих пәніне сабақ беретін профессордың құрметіне аталған. Ол профессор Джон Коффимен кездесіп, қатты ұнатады да, міндетті түрде бір шығармасында қолдануға уәде береді.

Джон Коффиді сомдайтын Майкл Кларк Дункан шын мәнінде алып, оның бойының ұзындығы – 1 метр, 94 сантиметр екен. Алайда, Брут Хауэллді бейнелейтін Дэвид Морс одан 1 сантиметрге кіші болса, Джеймс Кромвелл (Хэл Мурс) Дунканнан 5 сантиметр ұзын.

«Жасыл миля» фильмін көріп отырып, көз алдыңызда шынайы болған оқиғалардың тізбегі өтіп жатқандай әсер аласыз.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: fishki.net