Бір фильмді көргеннен кейін бірнеше күн бойы әсерінен шыға алмай жүретін кезіміз болады. Фильм ішіне кіріп кетіп, кейіпкер қуанса, шаттанып, жыласа, мұңайып, өмірде болып жатқандай күй кешеміз. Ойдан шығарылып, қиялдан қосылғанымен, негізгі бөлігі өмірден алынатыны анық. Осындай әсерлі киноларды түсірушілердің еңбегі ерен, бас имеске шара жоқ.
1895 жылы небәрі 21 минуттық ең алғашқы кино түсіріліпті.
АҚШ кино өндірісінен алдына жан салмайтын жалғыз ел.
Әр танымал 5 киноның 4-еуі Б.Обаманың еліне тиесілі. Жоғарғы деңгейлі кино әлемінің 50%-ы тағы осы елге тиесілі. Иә, елу штаты бар елдің кино өнерінсіз елестету мүмкін еместің қасы. Болмаса Ресейлік өзіндік шынайы киносына билет аласыз ба? Әлде Үндістердің төбелеске толы киносына қарныңыз тоя ма? Отандық киноны қолдаймыз ғой, бірақ шынтуайтынына келгенде ләззат алып көретін деңгейге жетуге біраз жыл керек екені анық.
Хош Жақсылау, орташа бір киноны түсіруге қыруар қаржы кетеді. Актерді жинап алып кино сәтсіз шықты ма? Өз құнын ақтамады ма? Ендігі оқиғаны айтпаса да түсінікті. Яғни үлкен жауапкершілік. Осы уақытқа дейін 2 214 483 кино мен телесирал, 976 655 сериал, 279 482 толық түсірілімді, 173 136 қысқа түсірілімді фильм түсіріліпті Бұл тек ресми деректер арқылы ғана жасалған қорытынды.
Тіркелмеген, ұзынды-қысқалы, құжаты жоқ кинолардың саны шамамен 3-10 млн аралығында екен. Айтпақшы кассалық ақша жинаудан ең алда келе жатқан мультфильм – жақында ғана тұсаукесері болған "Зверополис" қаржысы 1 млрд АҚШ долларынан асып кеткелі қашан. Кино 4 салаға бөлінді:
– көркем фильм;
–деректі фильм;
– мультипликациялық фильм;
– ғылыми-көпшілік кино.
"Көркем фильм" – кино өнерінің негізгі және кең тараған түрі. "Деректі кино" – тарихи, бір елдің тариxын жеткізу үшін қолданатын түрі. Мультипликациялық кино – суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып жасалады. Ғылыми-көпшілік кино — жұртшылыққа жаратылыс пен аспан әлемі, әлеуметтік құбылыстарды ұғындыратын фильмдер. Маған осы уақытқа дейін қоғам былай тұрсын, ата-ана бере алмаған тәрбиені, сюжетке толы батырлық, шыдамдылық, үміт пен адалдықтың сондай бір ұлы күш екенін, қараңғы боюудың артынан қалай арайлы күн, жақсылыққа лық толы бақытты, шаттықты күндерді шынайы, бейне қылып жеткізген киноларды көріп көңілің ұйып, жүрегің езіліп зор руxты жұтып алатындайсың. 2 сағаттық кинодан есі дұрыс адам зор тәрбие алады.
Көріп жатып сүзгіден өткізесің, беріліп, қобалжып, актердің орнына өзіңді қойып кететін, еліктеуштігің оянып, бір тілеуші болып отыратының тағы бар. Бұл процесс тек саған тәуелді. Мейлі, кино сатқындық, адалдық, қылмыс әлемі, саясат болсын – көрермен бағдаршам жасап өмір шынайы неден тұратынын, кинодан анық аңғарады. Режиссер, сценарист, продюсер, білікті актерлер үлкен ұжым бір оқиғаны әрлеп 2 сағатқа сыйдырған үлкен өнер-киноиндустрия. Кейбір кинолардан жауыздық арқылы жаманнан енді жақсыға. Қиыншылықтан – тәтті өмірге деп, сұм рөлді ойнаған актер соңында жақсыларға жәрдемші болып, батырлық танытып сол сәтте "үміт оты", "маxаббат" немесе "өлім" деген ұғымдар міндетті түрде қылтиып шыға келеді. Кез келген кино дәл осы факторлармен әрленбесе кино түк қызықсыз. Өзінше бір атрибуты.
Қасеке Нұрсұлтан