2003 жылдың 15 қаңтарында «Бұл мафия туралы телехикая» деген ұранмен басталып, 12 жыл бойы тек Түркияның ғана емес, өзге елдердің рейтингтерінің көшбасында жүрген «Көкжалдар мекені» (Kurtlar Vadisi) телехикаясы көрермендермен қош айтыспақ. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
Басты рөлдегі Полат Алемдарды сомдаған Неджати Шашмаз телехикаядан кетпек, бұны ол өзінің шаршағандығымен түсіндіреді. Түркиялық телехикаяның 250-бөлімі көрермендерге кеше жол тартты. Ал «Көкжалдар мекенінің» маусым соңы болса фильмнің соңымен аяқталмақ. Сөйтіп, аты аңызға айналған телехиканың орнын «Қара жәшік» (Kara kutu) телехикаясы баспақ. Айта кетейік, «Көкжалдар мекені», «Қара жәшік» телехикаялары - Неджати Шашмаз басқаратын кинофильмдер түсіретін орталықтың туындылары.
Сурет: allocine.fr