- Негізгі бет
- Кино
- «Оскар» мүсіні...
«Оскар» мүсіні қалай дайындалады?
Асқақ армандар мекені саналатын Лос-Анджелес қаласында «Оскар» марапатының 89-шы салтанатты табыстау шарасы өтіп жатыр. Осыған орай, BFM TV француз телеканалы кино әлемі үшін ең беделді мүсіннің қалай жасалатынын көпшілікке көрсету мақсатында оның өндіріс орнына барып видео-ақпарат дайындаған болатын.
Алдымен «Оскар» марапаты компьютерде 3D форматта дайындалады, кейін қалайы мен қорғасын дайын қалыпқа құйылады. Одан кейін мүсін сырты қола, никель, күміспен қапталады. Ең соңында, сыртынан алтын құйылады. Дайын мүсіннің биіктігі - 33 сантиметр, ал, салмағы - 3,9 килограмм.
Мүсіннің қалыбын скульптор Джордж Стэнли 1929 жылы ойлап тапса, оның дизайнын MGM кинокомпаниясының қоюшысы Гиббонс безендірген. Мүсінде бейнеленге жауынгер келбетін жасауда мексикалық режиссер және актер Эмилио Фернандес модель болған.
Сілтемеге өтіп «Оскар» мүсіні қалай дайындалатынын, өндіріс барысы қалай жүзеге асатынын бізбен бірге тамашалаңыз, оқырман.
А. Оралқызы