Атақты режиссер Квентин Тарантиноның “Криминалды шығарма” ("Pulp Fiction", "Криминальное чтиво") атты ең танымал және ең табысты фильмі осыдан дәл 22 жыл бұрын қазан айында көрермен қауымға жол тартқан болатын.
Фильмнің атауы XX ғасырдың ортасында Америка Құрама Штаттарында танымал болған қойыртпақ-журналдарға (Pulp magazine) байланысты қойылған. Жалпы, нағыз культке айналған фильм көрермен жүрегінде әлі күнге дейін біраз өзіндік ерекшеліктерімен есінде сақталған. Олар – әрбір сөйлемі қанатты сөзге айналып кеткен қылмыскерлердің пәлсапалық диалогтары, Траволта мен Турманның биі, сондай-ақ 5 доллар тұратын "Мартин мен Льюис" сүтті коктейлі. «Криминалды шығарма» Оскар жүлдесінен жеті рет номинация (оның ішінде “Үздік фильм”) алған. Ең үздік сценарий номинациясында фильм «Оскар», «Алтын глобус», «BAFTA» және «Канн кинофестивалінің» «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алды. «Криминалды шығармасы» IMDb сайтындағы ең үздік 250 фильмнің тізімінде үнемі бірінші ондығынан табылады. Ал 2013 жылы мәдени, тарихи және эстетикалық құнды фильм ретінде Американың Ұлттық фильмдер реестріне енгізілді.
Режиссер Квентин Тарантиноның "20th Anniversary Blu-ray Box Set" атты фильмдер жинағының шығуына орай, Miramax кинокомпаниясы "Криминалды шығарма" ("Pulp Fiction", "Криминальное чтиво") фильмінің түсіру алаңынан фотосуреттер жариялаған болатын. Соларды назарларыңызға ұсынамыз.