Әділхан Ержановтың "Атбайдың шайқасы" фильмі 2019 жылдың 11-20 қазан аралығында өтетін XXXV Варшава Халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады.
Бұл "Sunny Production" компаниясы "Short Brothers" және "Arizona Productions" компанияларының қатысуымен жасаған режиссердің 8-ші толықметражды туындысының әлемдік тұсаукесері болады.
Фестивальдің халықаралық қазылар алқасы құрамында Малгожата Бела-Павликовска, атышулы Павел Павликовскийдің "Суық соғыс" картинасының продюсері және Луки Гуаданьиноның "Суспирия" фильміндегі басты рөлдерді сомдаған актриса бар.
Ержанов фильмі жеңімпаздары алдын-ала белгіленіп қойылған көше төбелесі бойынша турнирге қатысуды шешкен Атбай атты (Данияр Алшинов) көше бандитының хикаясын баяндайды. Бірақ Атбай бұл жарыста жеңіске жетуді өзіне мақсат қояды, себебі ол үшін бұл жеңіс-жаңа өмірді бастау, үлкен спортқа оралу және сүйікті әйелі Аиданы (Динара Бақтыбаева) қайтару мүмкіндігі. Рингтегі Атбайдың басты қарсыласы, атақты боксшы Рафаэльдің рөлін актер Санжар Мәди сомдады. Ал Асель Сәдуақасова Рафаэльдің ықпалды продюсері Алияның бейнесін сомдады.