Жақында атақты рэпер Дрейк мүмкіндік болса Барак Обама туралы биографиялық фильмде президенттің рөлін сомдағысы келетінін айтқан болатын. Обама да рэпердің бұл ойын қолдап, тіпті бірнеше кеңес те берген еді. Бүгін назарларыңызға түрлі саладағы атақты адамдарды сомдаған актерлер тізімін ұсынамыз.
Джеки Кеннеди
Биыл АҚШ-тың 35-президенті Джон Кеннедидің қаза тапқанына 57 жыл болды. Оның сүйген жары Джеки (Жаклин) Кеннеди сұлулық эталонына айналды. Оның киген киімі, стилі әлі күнге дейін бірінші ханымдар арасында танымал.
Джекидің жары өлген күні жасаған ерлігі мен қайсарлығы оны одан сайын танымал ете түсті. Сол күннен бастап ол "Әулие Джеки" атанды. Сол қорқынышты күні Жаклин айтқан әрбір сөз нақыл сөзге айналды. Сол күні ол "Соңғы демім алғанша жаныңда болғым келеді", - деді Джеки, ота бөлмесіне кіргізуді сұрап. "Енді менің ешнәрсем қалмады", - деп қаза тапқан жарының алақанына өзінің неке жүзігін салған. Оның іс-әрекеті мен өзін ұстауына қарап, бүкіл ел тамсанған болатын. Бірақ Джекидің өзі ішіндегі алай-дүлеймен жеке күресуді құп көрген.
Осы уақытқа дейін Джеки туралы бірнеше фильмдер жарыққа шықты. Солардың ішінде оның образын сомдау бақыты Натали Портман, Дженнифер Гудвин, кэти Холмс сынды атақты актрисаларға бұйырған.
Диана ханшайым
Джеки АҚШ әйелдерінің эталоны болса, Диана Британия халқының сүйікті ханшайымы атанды. Ол – Чарльз ханзаданың тұңғыш жары және екі ханзаданың анасы. Ханзадамен некесі сәтсіз аяқталса да, ол қайырымдылық, сұлулық пен әйел еркіндігін таныта білген адам ретінде тарихта қалады.
Диана туралы фильмде оның рөлін Наоми Уотсс сомдаса, биыл жарыққа шыққан "Тәж" атты сериалда ханшайым ролі Эмма Коринге бұйырды.
Стив Джобс
Әлемдегі ең ірі корпорацияның негізін қалаған Стив Джобстың өмір жолы ізденіс пен еңбектен тұрады. Ол алғаш рет 27 жасында Time журналының басты бетіне шығады, талантты кәсіпкер ретінде жаңа Американың символы болып таныла бастайды. Бүгінде танымал Apple Inc. корпорациясының атауы мен логотибін Стив Джобс ойлап тапқан.
Стив Джобстың алғашқы еңбек жолы туралы фильмде кәсіпкер рөлін сомдау Эштон Катчерге бұйырса, оның кейінгі жылдарын көрсететін "Стив Джобс" фильмінде Майкл Фассбендер ойнайды.
Марк Цукерберг
Стивпен бірге аталатын есімдердің бірі – Марк. Ол қолданушылар саны 2 миллиардтан асатын әлеуметтік желі Facebook-тің негізін қалаған. Бірнеше тілде еркін сөйлеп, кез келген бағыттан хабары бар Марк жас миллиардерлердің бірі. Оның жетістігі бүгінде жастардың қызығушылығын оята білген нағыз мотивацияға айналды.
Марк Цукерберг ролін Джесси Айзенберг сомдаған болатын.
Маргарет Тэтчер
Маргарет Хильда Тэтчер – Еуропа аймағанда алғаш Премьер-министр болған саясаткер әйел. Қайсар мінезі әрі қатал басқару әдісі арқылы есте қалған оны халық арасында "темір әйел" деп атайды. Тэтчердің еңбек жолы Ұлыбритания басына түскен қиын шақтармен қатар келді. Сол уақытта дұрыс шешім қабылдай білген саясаткердің көргендігі бүгінге дейін ерекше құрметпен айтылады.
2012 жылы жарыққа "Темір әйел" атты фильм жарыққа шықты. Маргерет Тэтчерді Мэрил Стрип сомдады.
Фредди Меркьюри
Жеңіс ұранына айналған "We are the champions" әнінің орындаушысы "Queen" тобын атағанда бірден еске Фредди Меркьюри еске түседі. Сахнада өзінің тартымдылығымен, ерекше образымен және тыңдармен ерекше байланыс орната алатын артист ретінде есте қалса, оны таныстары адамдармен араласуы қиын, ұялшақ адам ретінде еске алады. Дінді нық ұстанатын отбасында ер жеткен оған музыкалық жолын бастау және ата-анасынан қолдау алу қиын болған. Ол өз композицияларын "көңіл көтеруге және заманауи рухты нығайтуға арналған әндер" деп атады. Оның барлық дерлік туындысы "роктың алтын топтамасына" кіреді.
2018 жылы жарыққа шыққан "Богема рапсодиясы" фильмі әлемдегі кассалық табысы ең жоғары байопик атанды. Ал Фредди Меркьюриді сомдаған Рами Малек сол жылы "Оскар" жүлдесін иемденді.
Коко Шанель
Күнге күйіп қараюды сәнге айналдырған кім деп ойлайсыз? Ол, әрине, өзінің ерекше стилімен сән әлеміне түрлі өзгеріс әкелген әйел Коко Шанель. Бала кезінде көп қиындық көрсе де, бір күні міндетті түрде жетістікке жетемін деп сенген Коко Шанель сәннен бұрын өзін музыкада, фильмде сынап көрген. Бәрі сәтсіз аяқталған соң, сәнге бет бұрған. Оның идеялары танымал дизайнерлер шабыт сыйласа, туындылары бірден сатылып кетті. Ол алғаш болып түрлі иістердің кірітірілуінен туындаған "Chanel № 5" иіс суын жарыққа шығарды.
Коко Шанельдің образын сомдау бақыты Одри Тотуға бұйырды.
Егер сізде фильмге түсу мүмкіндігі туса қай танымал адамды сомдар едіңіз?