Тоңазытқышта ешқашан сақтауға болмайтын өнімдердің тізімі бар. Бұл тағамдарды тоңазытқышта сақтайтын болсаңыз афлатоксиндер түзіледі, олар ішке түскен кезде бауырды бұзады. Бұл туралы қытайлық WeChat порталының мақаласында айтылған, деп жазады InoSMI.
"Біріншіден, дәмдеуіштерді тоңазытқышта сақтамаңыз. Мысалы, бадиян мен бұрыш сияқты дәмдеуіштер тоңазытқышта сақталған кезде дымқылданып, нәтижесінде оларда афлатоксиндер пайда болады.
Сондай-ақ, тропикалық жемістерді тоңазытқышта сақтауға болмайды. Мысалы, банан және басқа да тропикалық жемістер тоңазытқышта балғындығын жоғалтады, сонымен қатар тез шіри бастайды, ал төмен температуралы ортада жемісте бактериялар көбейеді.
Кеспе сияқты қарапайым өнімді де сақтауға болмайды. "Үйде жасалған кеспе екі-үш күнге дейін жетеді, бірақ кейбіреулер оны тоңазытқышта бұзылмайды және ұзақ сақтауға болады деп есептейді. Негізі мұндай кеспе жеу денсаулыққа өте кері әсер етеді", - дейді басылым.
Афлатоксин деген не?
Афлатоксин – ең улы микотоксиндердің бірі. Афлатоксиндермен улану көп жағдайда өлімге әкеледі. Сонымен қатар, афлатоксиндер көбінесе тағамдық сорттарда кездеседі, оның ішінде дәнді дақылдар (жүгері, қымыздық, бидай және күріш), майлы дақылдар (соя, жержаңғақ, күнбағыс және мақта тұқымдары), дәмдеуіштер (чили бұрышы, қара бұрыш, күнзе, куркума және имбирь) және жаңғақтар (пісте, бадам, жаңғақ, кокос және бразилия жаңғағы). Aspergillus flavus және Aspergillus parasiticus тәрізді өсімдіктер өте улы афлатоксиндер шығарады. Сонымен қатар, афлатоксиндердің төрт негізгі түрі бар: B1, B2, G1 және G2. Олардың арасында афлатоксин B1 – ең күшті табиғи канцероген.
Афлатоксиндермен улану асқазанның жайсыздығы, іштің кебуі, жүрек айну мен құсу сияқты асқазан-ішек симптомдарын және көкбауыр мен бауырдың ұлғаюы, сарғаю, іште сұйықтықтың жиналуы және ішкі қан кету сияқты аса ауыр зардаптарды тудыруы мүмкін.
Тұздалған көкөністерді тоңазытқышта сақтау ұсынылмайды. Сонымен қатар, дәрілік өсімдіктерді ол жерге қоюға болмайды, өйткені ұзақ уақыт тамақтың жанында болған кезде оларға әртүрлі бактериялар мен ылғал енуі мүмкін, бұл пайдалы қасиеттердің жоғалуына әкеледі.