- Негізгі бет
- Кеңестер
- Қызанақтың қандай зияны...
Қызанақтың қандай зияны бар – дәрігер жауабы
Дәрігердің айтуынша күніне үш қызанақтан артық жеуге болмайды. Себебі, оның құрамында нитрат көп. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.
"Қызанақ танымал көкөніс. Олардың құрамында магний, кальций, йод, калий, фтор және С дәрумені бар. Дегенмен, кейбір аурулары бар адамдар қызанақтарды жеуден сақ болғаны жөн", - дейді дәрігер.
Оның айтуынша, қызанақтың әбден қызарып піскенін жеу керек.
"Қызанаты өткір кезеңдегі асқазан-ішек жолдарының аурулары бар адамдар абайлап жегені дұрыс. Өйткені бұл өнімнің құрамындағы қышқылдар шырышты қабатқа теріс әсер етуі мүмкін. Қызанақ жегеннен кейін асқазан жарасы, гастрит, панкреатиті бар адамдар ыңғайсыздықты, ауырсынуды сезеді", - дейді диетолог.
Сондай-ақ, нитраттар қызанақта көп жиналуы мүмкін. Оны жемістің сыртқы түріне қарай анықтауға болады.
"Әрқашан қызанақтың кесілген жерін қарауыңыз керек: үлкен тамырлары көп болса, әсіресе сары тамырлар болса, онда қызанақ нитраттармен қоректенгені анық. Әдетте, мұндай тамырлар томаттың төменгі жағында айқын көрінеді. Осыған назар аударыңыз. Адам ағзасындағы нитраттар қауіпті нитриттерге айналады, олар тыныс алуды бұзады, гемоглобинді оттегін тасымалдай алмайтын белсенді емес түрге айналдырады. Нәтижесінде гипоксия дамиды. Жүрек-тамыр жүйесі аурулары бар адамдар үшін бұл қауіпті", - дейді Елена Соломатина.
Диетолог денсаулыққа зиянсыз күніне қанша қызанақ жеуге болатынын айтты.
"Бұл жерде барлығы адам денсаулығына байланысты. Орташа норма күніне үш қызанақ. Дені сау жас жігіт үш қызанақты да бір уақытта жей алады, ештеңе болмайды. Ал егер асқазан-ішек жолдарының проблемалары болса біреуден артық жемеген дұрыс, өйткені ол асқазанда қолайсыздықты тудыруы мүмкін", - дейді маман.
Айта кетейік, бұған дейін дерматовенеролог, трихолог Денис Барбинов шаштың неге ерте ағарып кететінін айтқан болатын.
Т. Раушанұлы