- Негізгі бет
- Кеңестер
- Қытайды ашаршылықтан құтқарған...
Қытайды ашаршылықтан құтқарған – шағын және орта бизнес
1959-61 жылдары Қытайда ашаршылық болғаны тарихтан белгілі. Ол ел азаматтарының күнкөріс минимумы төмендеп кеткендігінен болған. Ал 1970 жылдардың соңында Қытай Халық Республикасының бас хатшысы қызметіне келген Дэн Сяопин халықты аштықтан аман алып қалу жолын іздейді. Шешімі - шағын және орта бизнес.
Ел тұрғындарын бизнеске баулу арқылы күнкөріс минимумы артады. 1990 жылдары орташа есеппен әрбір Қытай азаматы күніне бір рет ғана тамақтанған екен. Ал ХХІ ғасыр басында екі рет, соңғы онжылдықта мүмкіндіктерін күніне үш реттен ас ішуге дейін жетіп отыр.
Әлемнің кез келген нүктесінде сатып алатын тауарыңыз Қытайда жасалған болуы бек мүмкін. Себебі ел үкіметі шағын және орта бизнеске қолдау білдіру арқылы Қытайды әлемнің өндірістік орталығына айналдырды. Бұл әрбір азаматты бизнеске үйретуден басталғанын ескерген жөн.
Қытайдың өндіріс және сауда жөніндегі әкімшілігінің (SAIC) ақпаратына орай, Қытайда 2016 жылдың 14 қаңтарына дейін 77 469 000 компания тіркелген екен. Ал 2015 жылы орта есеппен күн сайын 12 000 компания ресми тіркеліп отырған. Демек Қытайда жылына 4 миллион жеке кәсіпкер пайда болады. Жыл өткен сайын олардың саны да артатыны белгілі. Себебі екі көршіңіз бизнеспен айналысса, сіз де өз кәсібіңізді дөңгелету туралы ойлайтыныңыз айдан анық.
Одан бөлек, Тәуелсіз биліктегі статусқа ие Гонконгта (Сянган) 2016 жылдың желтоқсан айына дейін 1,341,223 жеке бизнес тіркеліпті. Одан бөлек, Капиталистік Қытай болып саналатын Тайвань елінде өткен жылдың соңына дейін 675,129 компания тіркелген. Айта кетсек, Тайвань аралының жері Оңтүстік Қазақстан облысынан үш есе кішкене болса да, ол жерде 23 миллионнан астам адам өмір сүреді. Америкалық Apple компаниясының танымал iPhone смартфонын осы елдегі Foxconn компаниясы құрастырады. Аталған компания тамыз айында басталатын жаңа смартфон науқаны кезінде тәулігіне 500 мың дана iPhone шығарады.
Бізге де жалақыға тәуелді болмай, жеке сектордағы бизнесмендер қатырын көбейткен жөн. Қазіргі біздің қоғамда маңызды мәселе сонда тұр.
Ж. Өрісбай