- Негізгі бет
- Кеңестер
- Доктор Комаровский ұйықтай...
Доктор Комаровский ұйықтай алмаудың басты себебін атады
Педиатр және тележүргізуші Евгений Комаровский ұйқы бұзылуының негізгі себебін атады. Маманның айтуынша, бұған аяқтың мұздауы кінәлі. Бұл туралы Лента жазды.
Ғалымдардың пікірінше, ауа температурасы шамамен 23 градус болса да, көптеген адамдардың аяғы мұздайды.
"Адамдардың ұйықтай алмауының басты себептерінің бірі аяқтың мұздауы болып шықты", - дейді Комаровский.
Маман қарапайым шұлықты бұл мәселені шешудің түбегейлі әдісі деп атады. Ол зерттеушілерге сілтеме жасай отырып, шұлық киген адамдар кимегендерге қарағанда орташа есеппен жеті жарым минут тез ұйықтайтынын айтты.
"Шұлық киген адамдардың жалпы ұйқы уақыты шұлықсыз ұйықтайтындарға қарағанда орта есеппен 32 минутқа ұзағырақ", - деді дәрігер.
Бұған дейін Ұлыбритания дәрігерлері құшақтауды ұйқысыздықпен күресудің тиімді әдісі деп атаған болатын.
Т. Раушанұлы