- Негізгі бет
- Кеңестер
- Диетолог салмақ қосуға...
Диетолог салмақ қосуға әкелетін бес зиянды әдетті атады
Диетолог Людмила Денисенко салмақ қосуға әкелетін балалық шағында қалыптасқан бес тамақтану әдетін атады. Бұл туралы "Комсомольская правда" жазды.
Диетологтың айтуынша, тәтті тағамға тәуелділік көп жағдайда бала ана ішінде жатқанда қалыптасады.
"Егер ана жүктілік кезінде көп тамақтанса, тоқаш пен тәтті шайды ұнататын болса, туғаннан соң бала өмір бойы тәттілерді жақсы көреді. Тамақтанудың басқа да зиянды әдеттері балабақшада тағы басқа жерде қалыптасады. Қысқаша айтқанда, адамның қазіргі тамақтануы – балалық шақтағы тағамның жаңғырығы саналады. Ал балалық шақтан келе жатқан бұл жаман әдеттерді қайта тәрбиелеу өте қиын", – дейді маман.
Диетолог тез тамақтану стилін осындай әдеттермен байланыстырды.
"Көбінесе адамдар тез және көп тамақ жейді. Әр тамақты баяу жеуге тырысу керек. Сонда миға: "Мен тойдым!" деген сигнал барады", - деп кеңес береді Людмила Денисенко.
Екінші әдет – шектен тыс артық тамақтану. Мысал ретінде, диетолог үйде немесе балабақшада балалар тамақ ішуді қаламаса да, ыдыс түбіндегі тамақты жеуге мәжбүр болған жағдайлар бар.
"Диетологтар үстел басынан әрқашан ашқұрсақ тұрып кетіңіз деп айтады. Бұл дұрыс әдет. Сондықтан, тамақ ішерде кішкене ыдысты таңдау керек", - деп атап өтті дәрігер.
Диетологтың пікірінше, тәттіге деген құштарлық адамда ата-анасының балалық шағында кәмпитпен көңілін аударуға немесе тыныштандыруға тырысқанына байланысты пайда болуы мүмкін.
Денсаулыққа зиян төртінші әдет – нанмен тамақтану.
"Тамақтану әдетіңізді өзгерту қиын, бірақ мүмкін. Нансыз тағамды жеп көріңіз. Тағам нансыз да дәмді", - дейді Денисенко.
Бесінші жаман әдет, теледидар немесе гаджет қарап отырып тамақтану. Маманның айтуынша, мұндай сәттерде ми тамақтан алшақтап, адам тамақтан ләззат алмайды. Біраз уақыттан кейін ми жақында не жегенін есіне түсіре алмайды да қайтадан аш бола бастайды.
Т. Раушанұлы