- Негізгі бет
- Кеңестер
- Диетолог арықтау үшін...
Диетолог арықтау үшін кофені қалай ішу керек екенін айтты
Белгілі диетолог Эшли Шоу артық салмақтан арылу үшін кофені қалай ішу керек екенін айтты. Бұл туралы Al Arabiya жазды.
Маман көптеген адамдар кофені күш-қуат арттыру үшін ішетінін, бірақ бұл сусынның денсаулыққа пайдалы және салмақ жоғалтуға көмектесетінін айтты.
Кофе қалыпты мөлшерде және тәттілендіргіштерді қоспай тұтынылған кезде салмақ жоғалтуға және жалпы денсаулыққа пайдалы.
Шоудың айтуынша, сүтсіз кофе салмақ жоғалтуға арналған тамаша сусын, Өйткені бір кесе көфе құнарлылығы бес калориядан аспайды. Бірақ оған тәтті қоспай ішсеңіз ғана калориясы аз сусын болып саналады.
"Құр кофенің калориясы төмен болғанымен, әртүрлі сүт пен қант араласқанда оның калориясы артады", - деді дәрігер.
Сондай-ақ, қара кофе метаболизмді жылдамдатады.
"2018 жылғы шағын зерттеу екі ай бойы кофені тұрақты түрде ішкен қатысушылардың метаболиттері көп екенін көрсетті. Жоғары немесе жылдам метаболизм демалыс кезінде немесе физикалық белсенділік кезінде көбірек калорияларды жағуға мүмкіндік береді. Бұл салмақ жоғалтуға ықпал етеді", - делінген мақалада.
Айта кетейік, медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог, гастроэнтеролог Маргарита Арзуманян да тым ыстық шай денсаулыққа зиянды екенін айтқан болатын.
Дәрігердің айтуынша, далада күн суық кезде ыстық шай ішсек жылынатындай боламыз. Бірақ, бұл – иллюзия. Егер сусынның температурасы тым жоғары болса, адам денсаулығына қауіп төндіреді.
Шайдың жылыну әсеріне келетін болсақ, бұл физикалық емес, психологиялық, деп санайды дәрігер.
"Шай ішкенде: ауыз температураны сезеді, бізге жылынғандай болып көрінеді, біз асқазандағы температураны сезбейміз. Бұл психологиялық әсер", - деді гастроэнтеролог.
Шайды пайдалы ету үшін дәрігер оған кептірілген жемістер, дәмдеуіштер мен шөптерді қосуға кеңес берді. Мысалы, тимьян, орегано, кептірілген алма, апельсин қабығы немесе даршын.
А. Оралқызы