Диетолог Елена Соломатина ағзадағы D дәруменінің жетіспеушілігін болдырмайтын өнімдерді атады. Бұл туралы Moslenta жазды.
Маманның айтуынша, D дәруменінің жетіспеушілігіне диетада балық майының болмауы және күннен қорғайтын кремдерді белсенді қолдану әсер етеді.
Бұл элементтің қорын толтыру үшін дәрігер майлы – треска (нәлім), скумбрия, майшабақ, сардина сияқты қолжетімді майлы балықтарды жеуге кеңес береді. Диетологтың айтуынша, апта сайынғы жеткілікті мөлшердегі D дәрумені треска бауырының бір құтысында болады.
"Қымбат майлы балықты, мысалы, лосось пен форельді сатып алудың қажеті жоқ, өйткені дәл сол майлы қымбат балық аквакультура өнімі болып табылады. Онда енді D дәрумені де, омега 3 де дұрыс мөлшерде болмайды. Сондықтан теңізде ұсталған жабайы балық болғаны дұрыс", - деді диетолог.
Балықты қуыру емес, консерві түрінде пісіру және пайдалану пайдалы, деп нақтылайды маман.
Соломатина D дәрумені иммунитетке, эмоционалды жағдайға, шаштың, тістің және тырнақтың денсаулығына, сондай-ақ қан қысымына жауап береді. Бұл элементтің жетіспеушілігімен остеопороз, гипертония және психикалық бұзылулар пайда болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін D дәрумені жетіспейтінін білдіретін белгілерді атаған болатанбыз.