Ресми мәліметтерге сүйенсек 2017 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанға туристік мақсатта 3,6 млн адам келген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 20,5%-ға артқан. Сонымен қатар шетелдік туристердің арасында Қарқаралы, Зеренді, Алматы маңы ерекше танымалдалыққа ие болған. Алайда туризм бизнесін дамыту мәселесі әлі де өзекті. Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлі, мемлекеттік органдар мен туристік қауымдастықтар мен буристік бизнестің өкілдері қатысқан Кеңес отырсында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева туризмді дамытудың мәселесін шешуге ұсынылған Атамекен атаған алты міндетті таныстырды. Атамекен атаған 6 басым міндет, яғни өңірлерде туристік өнімдерді дайындау, Қазақстанды шет елге танытатын бренд қалыптастыру, көрікті орындардың рейтингін әзірлеу, виза, көші-қон мәселесін реттеу, логистиканы арзандату, мемлекеттік қолдау мен нақты жобаларды қолға алу туризм саласын ілгерілетуге ықпал етпек. Осы ретте Қазақстанды танытудың бір жолы туристік брендинг ұйымдастыру. Туристік логотип барлық мемлекетте міндетті түрде болу керек деген қағида жоқ. Дегенмен, туристік логотиптерін бекіткен елдердің туризм саласы айтарлықтай ілгері дамыған деп толық айтуға болады. Туристік логотипті тану арқылы мемлекетті, оның халқы мен ұлттық ерекшеліктеріне қызығушылық арта түседі. Туристік бренд белгілі бір елдің халықаралық аренадағы жарнамасы. Бұл елдің ерекшелігін сипаттайтын, бір көргенен-ақ есте сақталатын, ұлттық сыйлықтарға, қонақ үй, әуебилеті секілді көпшілік назарын аударуға мүмкін болатын заттардың барлығына қолданылатын логотип. Туристік логотип мемлекеттің ресми елтаңбасын, туын алмастырмайды, бірақ сол елдің тарихи, мәдени, жалпы ұлттық ерекшелігін сипаттап, танымалдылық мақсатта қосымша айрықша қызмет атқарады. Ал логотиптің дәл туристік деп аталуының өзі оның биресми шаралардың барлығында қолданылатындығымен ерекшеленеді. Кез келген ресми емес іс-шараларда, халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерде, саяхаттар мен марафондарда туристік логотип мемлекеттің атынан сөйлейді. Туризм индустриясын дамытуда туристік брендинг мәселесі көтеріліп келді. Осы мақсатта Қазақстан ұлттық бренд анықтау жөніндегі байқау 2016 жылдың тамыз айында жарияланды. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі хабарлағанбайқаудыңережесімен қызығушылық танытқан көпшілік таныса алады. Алайда бұл байқау қорытындысы әлі жарияланған жоқ. Әлем елдері туристерді қызықтыру үшін арнайы слоган (ұран) бекіткен. Ұран әуел баста жарнамалық мақсатта пайдаланылған. Сондықтан туризмдегі бекітілген ұран мемлекеттің бүкіл болмысы мен ерекшелігін танытатыны анық. Ұлыбританияның отбасылық демалысқа арналған Family Break Finder сайты мемлекеттердің ұраны жинақталған карта әзірлеген. Сондай-ақ ұрандарды үздік және сәтсіз деп бөлген. Сәтсіз ұранның қатарында Словакияға сапар үздік идея (Travel inSlovakia good idea), Гондурастың Барлығы осында (Everything ishere), Эквадордың Сізге қажеттінің барлығы Эквадор (All you need isEcuador) секілділер бар. Сонымен қатар Украинаның Itsall about U ұранын Барлығы да Украина жайлы деген мағынаны берсе, екінші жағынан U әрпі ағылшын тіліндегі you - сен деген мағынаны да білдіреді. Сонымен қатар Тәжікстанның Достықты сезініңіз, Қырғызстанның Ұлы Жібек Жолының жерұйығы секілді ұрандар сәтті деп бағаланған. Бұл картада Қазақстанның слоганы the land of wonders деп көрсетілген, яғни ғажайыптар елі деген мағынаны білдіреді. Алайда бұл Қазақстанның ресми ұраны емес. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның әр өлкесін жекелей тантытатын, сондай-ақ, жалпы мемлекетті есте қалдыратын бренд ойластыру керектігін алға тартып отыр. Сондай-ақ, туризмді дамытудың бір алғышарты ретінде 2014 жылы туристік ресми мемлекеттікhttp://www.kazakhstan.travelпорталы ашылды. Алайда, қазақстандық туризм жайлы ақпарат іздеушілер үшін http://visitkazakhstan.kz порталы бірінші кезекте ашылады. Аталған сайттардың бірінде бүркіттің басы, екіншісінде қошқар мүйіз ою өрнектеліп, порталдың атауы жазылған. Бұл екі мысалдан-ақ бірыңғай туристік брендтің қолданылмауы Қазақстанның туристік ел ретінде есте қалмайтындығын аңғаруға болады. Қарлыға Телман