- Негізгі бет
- Кеңестер
- Бөрікгүлдің пайдасын білесіз...
Бөрікгүлдің пайдасын білесіз бе?
Ғалымдар адам қартайғанға дейін өмір сүруіне көмектесетін өнімді атады. Олардың пікірінше, бөрікгүлде (артишок, Cynara) алуан түрлі пайдалы қасиеттері бар, соның арқасында олар бірқатар қауіпті аурулардың алдын алуда өте тиімді.
"Қатерлі ісікке қарсы, холестеринді төмендететін қасиеттерінің арқасында және түрлі жаста кездесетін аурулардың алдын алуына байланысты бөрікгүлді тұтыну сіздің ұзақ және салауатты өмір сүруіңіздің кепілі болуы мүмкін", - дейді мамандар.
Көкөніс фитонутриенттерге бай, сондықтан қатерлі ісік, жүрек ауруы, бауыр дисфункциясы, жоғары холестерин немесе қант диабеті сияқты өлімге әкелетін патологиялардың алдын алу үшін тамаша өнім. Күшті полифенол түріндегі антиоксиданттардың арқасында ол простата обыры, сүт безі обыры және лейкоздың алдын алу және емдеу үшін қолданылады.
"Бөрікгүлде қан қысымын реттеуге көмектесетін калий де көп. Сонымен бірге, құрамында холестерин деңгейін төмендетуге қабілетті хлороген қышқылы бар, осылайша денені гипертониядан және басқа жүрек ауруларынан қосымша қорғаныспен қамтамасыз етеді, дейді сарапшылар.
Бұған дейін елордалық денсаулық сақтау басқармасының бас эндокринологы Михаил Анциферов қант диабетімен ауыратындар үшін қант, бал, джем және шырындардың зияны туралы айтқан болатын. Маманның айтуынша, бұл өнімдерде қандағы қанттың күрт өсуіне әкелетін жеңіл сіңетін көмірсулардың көп мөлшері бар.
А. Оралқызы