Бизнес бастау үшін ең алдымен идея керек. Бұл идея сізге аспаннан түспейді, оны қоғамның өзі алып келеді. Қажеттіліктер мен материалдық құндылықтар өздері-ақ алдыңызға не керектігін көрсетіп береді. Ал осы бір идеяға қол жеткізген кезде не істеу керек?
Бизнес бастауға бел буған жандар үшін қарапайым кеңес
Ең бірінші қойын дәптерден бастаңыз. Ойыңызға келген идеяны жазып қойыңыз және көптеген сұрақтар дайындаңыз: Бұл не? Бұл қалай жұмыс істейді? Қалай ақша табуға болады? Керек пе? Қалай бастау керек? Не керек? Кім керек? Қандай мәселені алдымен шешу керек? Осы сұрақтардың біреуіне жауап іздеген кезде келесі ой туындай береді.
Сұрақтар толы қойын дәптеріңізді алып, достарыңызға барыңыз. Олардың ойын біліңіз. Ескерту: бүкіл идеяны айтып қою міндетті емес. Достар кейде үлкен мәселеге бастайтын ойларды айтып қалады. Сол достардың ішінен сізге ең керемет ойды берген адамды қаламмен түртіп қойыңыз. Басқа достарыңыз айтқан салмақты және жеңіл ойлардың бәрін жазып алыңыз.
Одан кейін қалай жұмыс істеу керектігін түсінгеннен кейін, ақшаның көзін тапқан соң өзіңізге керек серіктес іздеңіз. Бір адам жеткілікті. Осы ойыңызды соған айта отырып, қасыңызға алыңыз. Екеуіңіз бір бағытта қозғалуға күш салыңыздар.
Уақыт өте келе бизнесті қалай бастап кеткеніңізді білмей қаласыз, себебі қойын дәптерге жазылған ережелермен жүріп келесіз. Бұл да – жетістік. Ал ары қарай зерттеу, жұмыс барысы, нарық бағасын есептеу, ұйқысыз түндер, кофе, қоңыраулар, хаттар бәрі өз ретімен айнала береді.
Осы идеяны бастау арқылы үлкен бизнеске келгеніңізді еске салатын бір нәрсе ол – қойын дәптеріңіз. Ол әрдайым қасыңызда болсын.
Ойланыңыз! Іске көшіңіз!