- Негізгі бет
- Кеңестер
- «Атамекен» әлеуметтік мәселелер...
«Атамекен» әлеуметтік мәселелер тізімін дайындады
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Елімізде бизнестік корпоративтік жауапкершілігін арттырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылып атсалысу керектігін насихаттайтын «Атамекенім» жалпыреспубликалық акциясын бастаған еді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға және қайырымдылық мәдениетін жүйелі дамыту мен әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған іс-шарада бірнеше бағытты қамтиды.
Бүгінде қайырымдылық жасау мәдениет қалыптастырып, игілікті істі насихаттау мақсатында қолға алынған шара жан-жақты жүзеге асырылу үстінде. Бүгінде Ұлттық палата Әлеуметтік мәселелер тізімін дайындап, өңірлерде шешілуі тиісті өзекті мәселелерді ресми интернет-ресурсқа жинақтады.
Ең басында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, Екібастұз қаласы мен Шарбақты ауданын мысалға ала отырып, елдімекендер жеке-жеке енгізілген Әлеуметтік мәселелер тізімін дайындады. Оған ауыз су тапшылығы, жол жөндеу секілді бірқатар мәселе енді. Облыстарда және әрбір елдімекенде жекелей атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін мәселелерге сұрыптау жүргізу ұсынылады.
Осы бастаманы негізге ала отырып барлық өңірдегі әлеуметтік мәселелер жинақталып, ортақ базаға тіркелді.
Атырауда өткен «АСАР» форумында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Эльдар Жұмағазиев қоғамда қайырымдылық жасауға ынталандыратын шаралардың қажет екенін атап өтті.
«Бизнес-қоғамдастықтың мүддесін қорғап отырған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына материалдық қаржылай көмек сұрап жүгінушілер қатары өте көп. Біз коммерциялық емес ұйым екенімізді түсіну керек. Бірақ біз кәсіпкерлер арасында пікір алмасуды ұйымдастырып, ұсыныстар дайындай аламыз, қайырымдылықтың жүйелі әрі кәсіби дамуы үшін Ұлттық палата «Атамекенім» акциясын бастады. Оның аясында бірнеше әлеуметтік мәселелер тізім дайындау, қайырымдылық пен әлеуметтік инвестицияны ынталандыру шараларын талқылау, тиісті ұсыныстарды дайындау секілді бірқатар іс-шара ұйымдастырылады. Атамекенге деген патриоттық сезім, біздің қоғамдағы өмір сапасына деген жауапкершілікті түсіну акциясын өткізудің серпілісіне айналды», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.
Бүгінде туған жерді қолдауда әлеуметтік жұмыстар тізіміне 970 мәселе енгізілді. Аталған тізім сайтта көрсетілген. Тізімде ауылдық жерлерді абаттандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, өмір сүруді жақсарту үшін инфрақұрылымның жоқтығы, су жүргізу мен орталық кәріз жүйесін қайта жасау, жол жөндеу, көлік қатынасы, оқушыларды тасымалдау, шағын балабақша құрылысы, мәдениет клубтарын ашу және т.б. мәселер қамтылған. Мәселені іріктеу мен әлеуметтік мәселелер тізімін дайындау тұрақты түрде жүргізілетінін атап өткен жөн.
Кәсіпкерлер Әлеуметтік мәселелер тізімі арқылы әр өңірдегі өзекті мәселелермен онлайн-режимде танысып, қалауына қарай көмек көрсете алады.
Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп, жалпыұлттық патриотизм жаңғырудың негізгі тетіктерінің екенін анық көрсетеді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» акциясы арқылы бизнестің рөлін талқылауды жандандыруға, оның туған жердің дамуы үшін, жекелеген қайырымылық көмегін көрсетуде әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ниетті.
Қарлыға Телман
Г. Берік