Павлодарлық өнертапқыштар роботты «Қара жорға» биін билеуге үйретті, деп хабарлайды Bnews.kz сайты.
Роботты Павлодар бизнес-колледжінің студенттері жасап шығарған.
«Біз әзірге роботтың бастапқы нұсқасы ғана. Туындымызды колледждің директорына көрсететін болғандықтан, роботтың алғашқы нұсқасын асығыс жасап шығардық. Сөйтіп, оны интернетке сала салдық», - дейді 4-курс студенті Егор Коптиков.
Өнертапқыштың айтуынша, ол «бишіні» жасап шығару үшін 2 аптадай уақыт жұмсаған, ал би бағдарламасын әзірлеуге 1 айға жуық уақыт кетіпті.