Физика заңдылығына бағынып, әлемнің тартылыс күшіне теориялық мән берген ғалым Ньютонның басына алма құлап, содан қалған дерек аңыз емес ғылыми ақиқатқа айналғанын білеміз. Бірақ сіз дәл сол алманың түп атасы Қазақстан екенін білесіз бе?
«National Geographic Қазақстан» журналындағы деректерге сүйенсек, алма біткеннің түп тамыры «М.9» теліндігінде отырғызылады екен. Бұл жайында АҚШ Ауылшаруашылық департаменті мәлім етті.
«М.9» деп отырғанымыз, ағылшын тілінен алған кезде «Malling 9» деген сөздің қысқартып алған түрі. Осы теліндік Англияның Кент графтығындағы Шығыс Малиң зерттеу стансасында тізімге алынған кезде «М.9» деген айдар тағылып кеткен.
Жалпы жер бетінде алманың ең керемет екі түрі бар. Бірі жоғарыда атап өткен «М.9» болса, бірі «Сиверс алмасы». «Сиверс» алмасының отаны – Қазақстан. Соның ішінде Іле Алатауындағы жабайы алмалар осы топқа жатады. Ал бұл алманың Ньютонның басына құлап түсуіне Қазақстанның қандай қатысы бар десеңіз, ғалымдар барлық алманың тегіндегі атасы «Сиверс» болуы мүмкін деп болжам жасайды. Себебі алма екі мың жылдық өңдеу мен сақтаудан өте отырып, Ұлы Жібек жолы арқылы саудаға түсіп, сонау АҚШ-қа жеткен дейді. Ең қызығы болжамды ақыры ғалымдар ақиқат деп дәлелдеді.
Шетелдіктердің Алматыға арнайы «Сиверс» алмасын жеу үшін келуі олардың қажылыққа келгенімен бірдей екен. Бұл жайында саяхатшылар тамасана да таңдана жарысып айтады.
Отандық өнімнің сапасын арттыру мен оны дамыту біздің қолда. Бар дүниені бағалап, Алматы қаласын нағыз алманың отаны екенін сезіндіру үшін күш салу керек.