- Негізгі бет
- Қазақстанда жасалған
- Назарбаев: Менің үстімдегі...
Назарбаев: Менің үстімдегі киім Қазақстанда тігілген
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпкерлерді жеке өндірісті дамытып, "Қазақстанда жасалған" маркасымен өнім шығаруға шақырды.
"Жергілікті өндірісті дамыту керек. Бүгін екі кәсіпорыннан "Қазақстанда жасалған" деп жазылған сөзді көргенде қатты қуандым", - деді Назарбаев Атыраудағы Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдерімен болған жиын кезінде.
Назарбаев өзінің қазақстандық өнімдерді жарнамалаушы екенін айтты. "Менің үстімдегі киім Қазақстанда тігілген", - деді Президент. Ол үстіндегі пиджагын шешіп, этикеткасын көрсетті. "Аяқкиімім де Қазақстанда тігілген", - деді ол.
Осыдан кейін Мемлекет басшысы бірінші қатарда отырған инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевті меңзеп, "Оның да киімі Қазақстанда тігілген" деді.
Дереккөз: Тengrinews.kz