- Негізгі бет
- Қазақстанда жасалған
- "Мен жауап беремін"...
"Мен жауап беремін" жобасы аясында үйрету-үйлестіру семинары өтті
Фото:
massaget.kz
Бүгін белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың халық жобасы атанған "Мен жауап беремін" бағдарламасы аясында үйрету-үйлестіру семинары өтті, — деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. Жобаны талқылау барысында жобаға қатысушы компаниялар мен БАҚ өкілдері көкейкесті мәселелер мен маңызды сұрақтарды ортаға салды.
Семинарға жобаға қатысуға ниет білдірген серіктестер шақырылды. Олар: IT Support Group, Integrites International Law Ferm, Galaktika Corporation, "Маркет-С", Wipon компанияcы мен БАҚ өкілдерінен massaget.kz порталы. Кездесуде қатысушылардың өз тарапынан қандай нақты іс-әрекеттерді жасау керектігі айтылып, белсенділердің өздік міндеттері айқындалды.
Н. Нұрмаханұлы