"Мен жауап беремін" жобасы аясында мамандар шаруашылыққа сапар жасады

«Мен жауап беремін» жобасы аясында мамандар мен қоғам өкілдерінен құралған топтың Зейнулла Кәкімжановтың «Шалабай» ЖШС-не қарасты асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылығына жасаған сапары туралы Facebook парақшасына жарияланған техникалық есебін назарларыңызға ұсынамыз. Мал шаруашылығына байланысты сапар қыркүйек айының 25-і мен 27-і аралығында өткен болатын. 

Делегация құрамында мақсат-міндеті бар 4 топ болды. Бірінші топ құрамы: «Мен жауап беремін» жобасының өкілдері – Марғұлан Сейсембаев пен massaget.kz сайтының журналисі әрі видеооператоры Ернар Алмабаев. Екінші топ құрамы: мал шаруашылығына тікелей қатысы бар мамандар – мал шаруашылығы бойынша ғылым кандидаты, мал шаруашылығы бойынша кеңесші, Солтүстік Дакота (АҚШ) Сауда палатасының өкілі Дәулет Чункунов, Алтай геология-экологиялық институтының қызметкері Михаил Кравченко, Алтай геология-экологиялық институтының ғылыми қызметкері, PhD докторанты Әзелханов Асхат. Үшінті топ тәжірибе алмасу үшін жиналған мамандардан құралды – кәсіпкер Сматай Аязбаев, «Алатау құс» компаниясының акционері Нұрқанат Нұрақынов. Төртінші топ осы бизнеспен айналысқысы келетін жас кәсіпкерлерден жасақталған: жеке кәсіпкер Жаныбек Қанатұлы, жеке кәсіпкер Мәди Нұртазин. 

«Шалабай» асыл тұқымды мал шаруашылығының негізін 1918 жылы көпес Амосов қалаған. 1931 жылы шаруашылық асыл тұқымды мал өсіретін орын ретінде бекітіледі. 1941 жылы шаруашылыққа асыл тұқымды мал шаруашылығы дәрежесі беріледі. 1949 жылы «Шалабай» асыл тұқымды мал шаруашылығына «Қазақтың ақбас сиыры» етті тұқымды ірі қара малының авторлығы берілген. Жалпы шаруашылық асыл тұқымды мал өсіру ісімен ұзақ жылдар бойы табысты айналысқан. Алайда ауылшаруашылық саласындағы ойластырылмаған саясат салдарынан 1996 жылы асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруашылық құлдырай бастаған. Барлық ғимарат, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысан қираған, не пайдалануға жарамсыз күйге ұшыраған, жолдар қирап, жайылым күтімсіз қалған, ауылшаруашылық техникалары ұрланып, шаруашылықта мал қалмаған. Бұған қоса, Шалабай ауылы тұрғандарының саны 50 пайызға қысқарған. Көптеген маман кетіп қалған. 

1.Тексеру

Біз ауыл арасындағы жолмен жалпы алғанда 700 шақырым жол жүріп өттік. Жолға 17 сағаттай, ал жалпы тексеру сапарына 3 тәулік жұмсадық. 5 бөлімшені, 4 жайылым учаскесін, 5 алқапты, ІҚМ-ң 6 табынын, 2 қой отарын, 1 жылқы табынын, 2 астық сақтау қоймасын, 2 МТК-нін, 40 шақты ауылшаруашылық техникасын, 6 әкімшілік және жұмыс ғимараттарын аралап көрдік. Шаруашылықтағы мал басының құрамы мен саны мынадай:

1. «Қазақтың ақбас сиыры» тұқымының төлдейтін мал саны – 1860 бас
2. «Қазақтың ақбас сиыры» тұқымының құнажын саны – 540 бас
3. «Қазақтың ақбас сиыры» тұқымы бұқаларының саны – 89 бас
4. «Қазақтың ақбас сиыры» тұқымының 8 айлық өгіздерінің саны – 550 бас
5. «Қазақтың ақбас сиыры» тұқымының 8 айлық қашар саны – 125 бас
6. «Жабе» тұқымды жылқы саны – 610 бас
7. «Байыс» тұқымды қой саны – 4800 бас

Шаруашылықтың қаржылық ахуалы мен экономикалық жағдайы

Марғұлан Сейсембаев: "Мен, Марғұлан Сейсембаев, «Шалабай» ЖШС асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруашылықтың қаржылық жағдайын тексеріп, талқыладым. Қаржылық ақпараттың құпиялылығына байланысты шаруашылықтың қарқыжылық көрсеткіштерін жариялауға қақым жоқ. Қаржылық ақпараттың, құжаттардың анықтығы үшін және оған қатысты жауапкершілік Кәкімжанов мырзаның өзіне жүктеледі. Ал менің мақсатым көрсетілген құжаттарды, ақпаратты зерттеп, кәсіпорынның қаржылық ахуалына сенімді болу үшін жеке пікір қалыптастыру болатын. 2005 жылдың 28 қарашасында тіркелген шаруашылықтың жұмыс істеп жатқанына 10 жылдай болыпты. Осы уақыт ішінде кәсіпорынға айтарлықтай инвестиция құйылған. Қаржы теңгерімінің пассивті жағын және кіріс пен шығыс туралы есептің кейбір көрсеткіштерін, қаражат айналымы туралы есепті ғана тексеріп шықтым. Мұндағы мақсат - қаржылық тұрақтылыққа баға беру, жеке капиталының мөлшері, өтімділік пен өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігін тексеру болатын. Инвестицияланған қаржы көлемі, капиталдың құрылымы, несие мөлшері, кредиторлық берешек жағдайы, өткізу ауқымы, қаржы қалдығы тексерілді. Аталмыш шаруашылық ешқандай мемлекеттік компаниялар мен даму институттарының заемдары мен несиелік қаражатын пайдаланбайды. Дегенмен, ауылшаруашылығын қаражаттандыру бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал өсіру ісін дамытуға субсидия алады екен. Салықты тұрақты түрде төлеп, Шалабай ауылы мен ауданының әлеуметтік дамуына қаржы бөліп отырады".

Қорытынды: «Шалабай» ЖШС асыл тұқымды мал шаруашылығының қаржылық ахуалы дұрыс, өз міндеттемелері бойынша жауап беру үшін жеткілікті әлеуеті мен өтімділігі бар деп есептеймін. 

2. Жемшөп қоры

Біз қысқы, күз, жаз бен көктемгі мезгілде қолданылатын жайылымдарды аралап көрдік. Шөптің қалыңдығын, нжайылымдардың жағдайы мен әлеуетін бағаладық. Барлық жайылым шөбітің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Шөптің қалыңдығы 35 см мен 1,2 метр аралығын құрайды. Сапалы қалың жөп. 

Қосымша жемшөп. Шаруашылық құрамында көмірсу, ақуыз бен түрлі микроэлементтері бар қосымша жемшөпті көп көлемде өндіреді. Өздері өндіретін дақылдардың ішінде күнбағыс, жүгері, арпа, бидай, эспарцет, суданка, тритикалий мен күздік дақылдар бар. Келесі жылы сиыржоңышқа, рапса мен түйе бұршақ егу жоспарда бар екен. Жоғарыда аталған дақылдарды арамен тозаңдатып, өнімділігін арттыру үшін әдейі ара ұяларын ұстайды. Күзгі дақылдар егілген алқаптарды да аралап көрдік. Тиісті тұқым қоры тексеріліп, топырақ құрамы бағаланды. Астық өнімділігі егістік алқаптарының ерекшелегіне қарай гектарына 11-ден 25 ц-ді құрайды. Жемшөп пен тұқым сақталатын қоймаларды, олардың ахуалын тексердік. 

3. Технология мен рәсімдер

Біз «Шалабай» асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруашылықтың мұражайында және әкімшілік ғимаратында болдық. Шаруашылықта тарихи, мұрағаттық материалдар сақталған. Асыл тұқымды мал өсіру ісінде ғылымның бірізділігі қайта жанданып, білім мен тәжірибе ұштастығы және бастысы, мамандар сақталған. Шаруашылық Кеңес одағы кезінде әзірленіп, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің озық техникалары және рәсімдеріне сәйкес жетілдірілген технология негізінде жұмыс істейді. Мәселен, шаруашылықта Аргентинадан келген кеңесші бар. Әрбір ірі қара малдың өз анықтаушы нөмірі, тегін айқындаушы құжаты, мал дәрігерлік құжаты, генетикалық сипаттамасы және будандастыру жоспары көрсетілген кітапшасы бар. Барлық операциялар атқарылатын жұмыстардың алдын-ала бекітілген технологиялық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Барлық рәсім стандартты операциялардан тұрады. 

4. Ғимараттар, жұмыс орындары мен құрал-жабдықтар

Біз барлық ғимарат, жұмыс орыны мен жабдықты қарап шықтық. Ғимараттардың басым көпшілігі қалпына келтірілген, не жөнделген. Ал кейбіреулері жаңадан тұрғызылған. Жердің негізгі бөлігі ауылшаруашылық бірлестіктерінен және шаруа қожалықтарынан сатып алынған. Қолданыстағы жердің 40 пайызы мемлекеттік қордан алынған. 

Машина-тракторлық парк. Техникаларды қарап шығып, мамандармен олардың жағдайын талқыладық. Бар техника жаңа күйінде сатып алынған екен. Барлық жабдық, техника, ғимарат стандарттарға сай және шаруашылықтың асыл тұқымды мал өсіру жөніндегі негізгі қызметі аясында ауылшаруашылық өнімдерін алуға бағытталған. Негізгі қызметіне сәйкес келмейтін активтері жоқ. Көрсетілген құжаттар, ауызша берілген ақпарат, жеке тексеру нәтижесіне және де қожалықтың негізгі акционері Зейнулла Кәкімжановтың мәлімдемелері мен кепіліне сүйене отырып, Мен, Марғұлан Сейсембаев, «Шалабай» ЖШС асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығы өнімдерінің сапасына «Мен жауап беремін» деп мәлімдеймін.