Екі күннен соң, 30 тамыз күні егемен еліміздің Конституциясын қабылдағанына 22 жыл толу мерекесін тойлағалы отырмыз. 22 жыл бұрын не болып еді? Еліміздің ата заңын басынан-аяғына дейін толық оқып көрдіңіз бе? Тым құрығанда заң туралы қызықты деректерді біле жүріңіздер.
1995 жылы Конституция жобасын талқылауға үш милионнан астам Қазақстан азаматы жұмылдырылды.
ҚР Конституциясы қабылданғаннан кейін небары үш-ақ рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгерістер енгізілді.
Тәуелсіздіктің 10 жылдық, 15 жылдық, 20 жылдық мерейтойлары құрметіне арнайы пошта маркалары жарық көрді. 2005 жылы 10 жылдық құрметіне 72 теңгелік номиналды марка, 2010 жылы 15 жылдыққа, 2015 жылы 20 жыл толуына орай пошталық марка шығарылды.
Ата заң мәтінінің орысша нұсқасына (7 168 сөз) қарағанда қазақ тіліндегі нұсқасында (8 904) сөз көп. Оның ішінде Республика сөзі 260 рет (орысшасында 305), Қазақстан сөзі 111 рет, Парламент сөзі 82 рет кездеседі.
Конституциядағы ең көп баб қарастырылған бөлім – «Парламент» (61 бап), ал ең аз бапты «Адам және азамат» (39 бап).
Ең алғашқы конституция Қазақ Автономиялы республика кезінде 1926 жылы 18 ақпанда қабылданған.
Конституция күнінің құрметіне 2014 жылы Астана қаласында ең ұзын италия пирогі пісірілді. Ол жоспардағыдай 15 метр болып шықпағанымен, 5 метрге жетіп, рекорд орнатты. Бұл пиццадан қаладағы конституцияны білетін тұрғындар дәм татты.
Әлемдік желіде конституция баспалық нұсқасының 30-дан астам түрі бар. Оның ең қарапайым, жұмсақ мұқабалы түрін 200-500 теңгеге сатып алуға болады. Оның өте қымбат тұратын түрлері де бар. Интернет арқылы өткізілген бәссаудада конституцияның ең қымбат нұсқасы 130 мың теңгеге сатылды, онда президенттің қолтаңбасы бар болған.