Қазақстанда қандай көліктер құрастырылады?

Бүгінде Қазақстан территориясында көптеген шетелдік автокөлік концерндерінің брендтері құрастырылады. Атап айтқанда, KIA, Chevrolet, Skoda, Lada, сондай-ақ, SsangYong компанияларының түрлі брендтегі көліктері.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан «АЗИЯ АВТО» автоөндірістік зауыты төмендегі авто маркаларын құрастырады:

KIA:

– Cadenza
– Cerato NEW
– Cerato
– Cerato Koup
– Mohave
– Optima
– Picanto
– Rio
– Sorento
– Soul
– Sportage

Chevrolet:

– Aveo («седан», «хэтчбек» кузовтары)
– Aveo NEW
– Captiva NEW
– Cruze
– Cruze HB
– Cruze SW
– Lacetti
– Orlando

Skoda:

– Fabia
– Octavia
– Superb
– Yeti

Lada 4x4

2010 жылдан бастап Қостанай қаласындағы «АгромашХолдинг Казахстан» АҚ SsangYong компаниясының мынадай маркалы көліктерін шығаруды бастады:

– Chairman
– NEW Actyon
– Kyron
– Actyon Sports
– Rexton

Сондай-ақ, зауыт Chance автомобилін де шығаруды жолға қойды.