- Негізгі бет
- Қазақстанда жасалған
- АТФБанк Серіктестерінің III...
АТФБанк Серіктестерінің III Форумы: серіктестіктегі стратегия
Өткен бейсенбіде, 12 желтоқсан күні АТФБанк Алматыда III Серіктестер Форумы алаңында өзінің екі жүзге жуық достары мен клиенттерінің басын қосты.
«Біз өз стратегиямызда шағын және орта бизнеске көбірек басымдық бердік , ол – Қазақстан экономикасының дамуы мен әл-ауқтының артуының мықты қозғалтқышы. Біз жай өмір ағымымен кетіп қалмай, осы ағымға бағыт бере білетін адамдарға зор сеніммен қараймыз. Бүгін біздің клиенттеріміздің қатарында шамамен 70 мыңдай кәсіпкер бар. Оларды біз тең құқылы іскерлік серіктес ретінде танимыз. Міне осы көзқарас арқылы біз банктік қызметтер нарығында бәсекелестіктен басымдыққа және ШОБ сегментіндегі негізгі көрсеткіштер бойынша жыл сайынғы тұрақты өсімге қол жеткізіп отырмыз - деді АТФБанктің Басқарма төрағасы Сергей Коваленко. – Сондықтан да, Серіктестердің форумы біз үшін маңызды оқиға болып табылады, оны ұйымдастыруға біз үлкен жауапкершілікпен қараймыз.
Іс-шара мақсаты кедесуге қатысушылардың өзара пікір алмасуы болды, оның барысында олар тәжірибелерімен алмасты, сонымен қатар құрамында өңірлерден келген шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер бар қазақстандық компаниялар үшін «дамыған» менеджмент қаншалықты қажет екендігі туралы мәселе талқыланды.
Форум қонақтарына бизнес қарқынын арттыруға рух сыйлау үшін ұйымдастырушылар бірнеше қазақстандық сарапшыны шақырған, олар – Арманжан Байтасов, Марат Жүнисов, Алмас Абдыгаппаров, Марғұлан Сейсенбай, Алексей Ли, Нұркен Рзалиев. Оларды біріктіретін бәріне ортақ тұғырында нық тұрған бизнес, тек айырмашылығы олар «әртүрлі форматта». Ұйымдастырушылардың алдын ала ойластырғанындай басқарудың заманауи әдістері туралы талқылау әртүрлі саладан өрбуі тиіс еді. Солай болды да, пікірталас аз болмады. Спикерлердің ойларының тоғысқан жері – корпоративті құрылымдарда команданың рөлі мен оның қолдауы маңыздылыққа ие.
Форум сарапшыларының құрамында ТМД елдерінде ең танымал маркетологтардың бірі - Андрей Федорив болды. Ол Форум тақырыбын өзінің трендтер мен брендтер туралы авторлық семинары арқылы қолдай отырып, пайдалы кейстермен бөлісті.
Форумның жалпы атмосферасына жақсы күй сыйлаған тағы бір форум қонағы – танымал музыкант және композитор, «А-Студио» тобының жетекшісі Байғали Серкебаев. Ол форум қатысушылары алдында өзін тек шығарымашылық тұлға ғана емес, сонымен қатар табысты бизнесмен ретінде көрсете білді.
«АТФБанк – алғаш бизнесімді бастағанда қолдау көрсеткен серіктес. Кәсіпорын негізін қалауға себепкер болған осы АТФБанктен алынған қарыз еді. Осы сәттен бастап даму бастау алды. Қазіргі таңда компанияда 300 астам жұмыс істейді және біз өз өңірімізде – құрылыс материалдарын сату бойынша көшбасшымыз. Міне осыған байланысты, бүгін осы форумға қатысап отырмын», - деп ойымен бөлісті Қостанайдан келген кәсіпкер, АТФБанк клиенті Альфред Максутов.
Форумдағы бірегей контент осы іс-шараға тән дағды бойынша қазақстандық бизнеске қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелерді қозғап қана қоймай, тағы бір рет АТФБанктің ШОБ бойынша стратегиясы негізі серіктестікке құралатындығын атап өтті.
Серіктес мақаласы
А. Оралқызы