Экспедиция шеңберінде одан әрі гидробиологиялық зерттеулер жүргізу үшін Арал теңізінен су алынды. «Назарбаев Университетінің» гидробиологтары алатын нәтижелерді одан әрі гидробиологиялық зерттеуге бағдарланған National Geographic-тің грантын алу үшін пайдалануға жоспарланып отыр. Еліміздің орталық бөлігін (Астана) Ұлытау өңірі арқылы Арал өңірімен байланыстыратын қолжетімді далалық жолдар мен тас жолдар негізінде жаңа туристік бағыт әзірленді. Осы бағыт палеонтологтардан бастап туристерге дейін баршаға қызықты болмақ. Экспедиция нәтижелері бойынша кітап және қалта форматында Ұлытау өңірі бойынша туристерге арналған практикалық жолсерік жарыққа шыққалы жатыр.
Экспедиция мына бағыт бойынша өтті: Астана – Жезқазған – Байқоңыр – Қоскөл – Сексеуіл (темір жолды бойлай салынған жаңа көтерме жол бойынша) – Арал – Қаратерең –Арал – Асар ескі қаланың орны мен Кердері кесенесі – Барсакелмес қорығы – Қасқақұлан – Жанкент (ескі қаланың орны) – Қазалы – Байқоңыр ғарышалаңы – Қорқыт Ата – Жусалы – Қалмаққырған өзені алқабы (ескі пошта және керуен жолы бойынша) – Жезқазған – Астана.
Экспедицияның 30 қатысушысы: ғалымдар (гидробиологтар, геоақпараттық жүйелер бойынша мамандар), журналистер, блоггерлер, фотографтар, еріктілер 40 градус аптап ыстықта, климаттық жағдайлардың ауысуы кезінде, жолсыз жермен 4000 шақырымнан астам жол жүрді. Күрделі экстремалдық жағдайларда экспедиция шағын Аралдың маңайында өте ауыр жолды жүріп өтті, мұнда кейбір жерлер тым қатты батпақтанған. Алайда, барлық қиындықтар еңсерілді, экспедицияға қатысушылар өздерін жақсы қалыптасқан команда екенін көрсете білді.
Экспедиция мүшелері атақты Барсакелмес аралы мен Байқоңыр қаласын қоса алғанда, көптеген объектілерді аралап көрді. Солтүстік Аралдың шыңдарын, Арал теңізінің бұрынғы түбінде ашылған көне қала Кердеріні, Жаңакент қамал-қаласының қираған үйінділерін зерттедік. Экспедицияға қатысушылардың көз алдында ең үлкен экологиялық апатының айғақтары көрініс тапты. Дегенмен, экспедицияға қатысушы гидробиологтар Аралдың экологиялық жағдайының жақсарғанын анықтады.
Сәулет Сәкенов, экспедицияның жетекшісі: «Ең маңызды нәтиже Солтүстік Арал бөлігіндегі теңіз қалпына келіп жатыр, оның тыныс-тіршілігі оянып келеді. Тұздардың шығарылуы орын алып отыр, өсімдіктер қалпына келуде, балық пайда болды, шөлейт ландшафтың жартылай шөлейт, тіпті далаға айналуы жүріп жатыр».
Көкаралдағы бөгет теңіз бөлігін құтқару үшін негіз жасауға көмектесті, Аралды құтқару бойынша одан әрі жүргізілетін жұмыстар жалғасын табады. Аралды құтқару жобаларына QazaqGeo міндетті түрде қатысады. Қазіргі таңда мамандар мен жергілікті тұрғындар теңізді қалпына келтіру үшін бірігіп күш жұмсап келеді. Экспедиция барысында экспедицияға қатысушылар Барсакелмес қорығының қызметкерлерімен және Халықаралық құтқару қорының мамандарымен бірлесе жұмыс істеді.
Сәулет Сәкенов, экспедицияның жетекшісі: «Тікелей Көкарал бөгетінде біз QazaqGeo және Халықаралық Аралды қорғау қоры, Ынтымақтастық туралы меморандуға қол қойдық. Бұл өте символикалық сипатта болды. Өйткені осы бөгет қазіргі таңда Аралға өмір сыйлап отыр. Бізде міндетті түрде Арал теңізін сақтау қорымен бірікен жобаларымыз болады. Сонымен қатар біз Барсакелмес қорығымен біріккен жобаларды, мысалы, оның аумағын суландыру жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз».
QazaqGeo "Ұлытау-Арал" экспедициясының тағы бір нәтижесі: экспедицияға қатысушылар дәлдігі жоғары аппаратураның көмегімен ұзақ мерзімді объектілердің (айлақ, діңгек және т.б.) GPS-координаталарын түсірді, енді бұдан әрі жер серіктік мониторлар кескіндерінің көмегімен өңірде шөлдің басталуы анықталатын болады.
Қазіргі таңда экспедицияға қатысушылар Арал қалпына келуде, шөл біртіндеп шегініп барады деп анықтап отыр.