Алматыда химикатсыз өсірілген ауылшаруашылық өнімдері сатылып жатыр

Алматыда химикатсыз өсірілген ауылшаруашылық өнімдері сатылып жатыр
Фото: massaget.kz

Алматыда Arba Eco Auyl азық-түлік қоғамының презентациясы өтті. Компания жетекшісі Әрсен Рысдәулетов жиында қоғамның жұмысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Әрсеннің айтуынша, қазір елде табиғи, химикатсыз өсірілген ауылшаруашылық өнімдері өте аз. Оның үстіне піскен жемістер мен көкөністер тұтынушыға бірден келмейді. Бірнеше делдалдың қолынан өтеді. Ал Arba Eco Auyl өнімдері піскен бойда тұтынушыға бірден жеткізіледі. Өнімдер Алматы облысындағы Қаракемер жерінде өсіріледі екен.

а

Айта кетелік, Arba Eco Auyl коммерциялық жоба емес. Яғни, жоба авторлары ақша табуды басты мақсат етіп қоймаған. 

а

Arba Eco Auyl-дың өнімдері Алматы қаласында сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері 3 жерде сатылады: Гоголь мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы "Қазжол" бизнес орталығында, Жұмалиев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы "На Жумалиева" бизнес орталығында, Жандосов пен Асқаров көшелерінің қиылысындағы "Алтын Қарғалы" шипажайының маңында. Табиғи өнімнің дәмін татып көріңіз.

Е. Қайрахан