Ақтөбе облысындағы Сембай ауылында тауарлы-сүт фермасы ашылмақ. Құны 200 млн теңгелік осы жоба 2 жыл бұрын қолға алынған еді.
«Аманбай» шаруа қожалығы ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы «Ырыс» бағдарламасына қатысып, мемлекеттен көмек алды. Сөйтіп 60 млн теңгеге Орынбор облысынан 100 бас сементаль тұқымды сиыр сатып әкелген. Сиыр сауатын сүт сақтайтын жабдықтары дайын тұр. Ферма жақын маңдағы ауылдардан сүт қабылдайтын болады. Жиналған сүтті осы жерде өңдеп, тетрапакеттерге құяды. Одан кейін айран мен ірімшік өнімдерін шығаруда жоспарда тұр. Ең бастысы өнімдердің бәрі ешқандай қоспасыз табиғи болады.
Берік Кныков, Қарағаш ауылдық округінің әкімі: - Алдағы уақытта сүт өңдеу цехы жұмысын бастағалы отыр. Пакеттегі сүт шығаруға дайындалып жатыр. Қожалық меншігінде 730 гектар жер бар, тағы да жер беруге құжаттар дайындап жатырмыз.
Дереккөз: 24.kz