Алтыншы қазан күні 7 арнаның YouTube арнасына 1 000 000-шы көрермен тіркелді. Бұл белесті бағындыру үшін 7 арна ұжымы ұзақ әрі жүйелі жұмыс істеді. YouTube желісіне 2010 жылы тіркелген арнада бүгінге дейін 17,5 мыңнан астам бейнежазба жарияланған. Контенттердің дені ойын-сауық және ақпараттық мазмұнға құрылған әрі жұртшылық жеңіл қабылдайтын өте ыңғайлы бейнематериалдар. Тіпті YouTube желісіне 7 арнаның жоғары сапалы ойын-сауық бағдарламаларының мұрағаты жиналды деуге болады. Былтырғы күзде Тақиясыз періште жобасының алғашқы маусымы телеэкранға шықпай тұрып алдымен YouTube-тағы арнаға жүктелген еді. Нәтижесінде 24 сағат ішінде қаралым саны 430 мыңға жетті. Бұдан бөлек, жобаның Instagram желісіне арналған нұсқасы арнайыдайындалып, барлық әлеуметтік желіге таратылды. Youtube-тің аналитикалықдеректеріне сүйенсек, аталмыш сериалдың тек ТМД елдерінде ғана емес, АҚШ,Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Нидерланд, Сингапур және Канада секілді елдерде де өз көрермені бар.Әр бағдарлама арна эфирінен көрсетілгеннен кейін YouTube-тағы арнаға жарияланып, эфирден тыс уақытта да көру мүмкіндігінің бары тұрақты көрермендерге мәлім.Осындай жүйелі әрекеттің арқасындаYouTube арнасына жазылушылар саны апта сайын 9000-10000 қолданушыға көбейіп отыр. Барлық бейнематериал ұзын саны 625 972 477 рет көрілген екен. Оның ішінде: Q-eli скетч жобасының қысқартылған нұсқасы 229 921 607 қаралыммен көш бастап тұр; Q-eli скетч комының 3-4 минуттық үзінділерінің бір ғана видеосы орта есеппен 9 000 000 рет қаралса, Тақиясыз періште сериалының бір шығарылымы орта есеппен 1 000 000 рет қаралған; Тақиясыз періште сериалының Тайлақ образы бар анонстарының бір видеосының өзі 4 500 000-ға жуық қаралым жинаған; Қазіргі уақытта YouTube-та Япыр-ай, Тақиясыз періште, Бастық боламын, Зың-зың Күлпәш және Әкесінің баласы сынды ойын-сауық сериалдар мен Өз ойым ток-шоуы аса танымал; Бейнематериалдардың орташа қаралу уақыты 5 минут. 7 арнаның YouTube-тағы арнасы қазақстандық ТОП-10 YouTube арналардың қатарына кіреді. Сондай-ақ, көрермен саны бойынша GAKKU арнасынан (1 300 000 жазылушы) кейінгі 2-орында.2016 жылы Youtube Жетінші арнаны 100 000 оқырман жинағаны үшін Күміс батырма(YouTube / Silver Play Button YouTube) сертификатымен марапаттады. 2018 жылдың 6 қазанында YouTube-арнаның оқырман саны 1 000 000-ға жетті. Демек YouTube осындай көрсеткішке жеткені үшін Алтын батырма (YouTube / Gold Play Button YouTube) сертификатымен марапаттайды деген сөз. Енді Жетінші арнамиллион оқырман жинаған әрі Алтын батырма (YouTube / Gold Play Button YouTube) сертификатын иеленген YouTube-тағы қазақстандық 4-ші арна болмақ. Бүгінгі таңда Жетінші арна YouTube-пен қатар, Instagram, ВКонтакте, Facebook, Twitter, Telegram сынды ең танымал әлеуметтік желілері арқылы да көрермендерімен тұрақты байланыс орнатып келеді.