Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия, 1835 —1865) өмірі туралы баяндалатын бұл фильм "Оның уақыты келеді" деген атпен мәлім. Фильм Шоқанның 1858-1859 жылдары атақты Қашқарияға жасаған сапарынан бастау алады. Бұған дейін ешбір саяхатшы аяқ баспаған мекенге Шоқан аса қиын жағдайда өзіне қауіп төндіре отырып жол жүреді. Онда ол Қашқар халқының тарихы мен этнографиясын, мәдениетін қағаз беттеріне түсіреді. Актер Нұрмұхан Жантөрин сомдаған Шоқан болмысы әртіске керемет танымалдылық алып келеді. Фильм режиссері - Мәжит Бегалин.
Ұқсас жазба:
Менің атым Қожа
Жаужүрек мың бала