Бәрімізге жақсы таныс «Менің атым Қожа» фильмі режиссер Абдулла Қарсақбаевтың жеке түсірген алғашқы көркем фильмі. Фильм желісіне Бердібек Соқпақбаевтың әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Менің атым Қожа» атты әйгілі повесі арқау болған. Жазушы фильм сценарийін Ниссон Залеранскиймен бірге жазған. Фильмнің көркемдік жетекшісі – 1920 жылдардың соңында шыққан «Түрксіб» фильмі авторларының бірі, кинодраматург және кинорежиссер Ефим Арон.
Қожаның рөлін белгілі актер Нұрлан Санжар сомдаған. Сонымен қатар, аталмыш картинаға қазақ киноөнерінің шеберлері Кененбай Қожабеков, Бикен Римова, Раиса Мұхамедиярова сынды әртістер де түскен. Фильмнің музыкасын жазған еліміздің мақтанышы, танымал композитор — Нұрғиса Тілендиев.
«Менің атым Қожа» фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болған.
Сурет: altyalash.kz