Елімізде болашағынан үміт күттіретін жас режиссерлар көп. Олардың қатарында кәсіби білім алып жүргендер де, арнайы оқуын оқымаса да өмірін өнерге арнауға бел буған әуесқой киногерлер де бар. Осындай жас таланттарды қолдауды мақсат тұтатын жобалардың бірі — "КиноАРТ" жобасы. Осы уақытқа дейін үш рет өткізілген жобаға қатысушылардың саны жыл санап артып келеді. Мысалы, 2016 жылдың өзінде фестивальге 75 үміткер қатысуға ниет білдірген. Алайда, олардың ішінен 13 режиссер ғана сыннан сүрінбей өтіп сайысқа жолдама алған екен. Осы 13 таланттың ішінен суырылып шығып, бас жүлдені жеңіп алған Айдос Ералыұлының "Құшақтап алмаппыз..." қысқаметражды фильмін назарларыңызға ұсынамыз. Бұл фильм ерекше махаббат хикаясын баяндайды. Көріп, өз бағаларыңызды беріңіздер!