Қазақ кино саласындағы махаббат тақырыбына түсірілген ең үздік фильмде де қателіктер бар екен. Киноны неше рет рет көрсеңіз де аңғармаған боларсыз, алайда барлығына сақ жүретін байқағыштар кинодағы қателіктерді тапты. Мойындауымыз керек Кеңес одағы кезінде қазақ киноиндустрия саласы қарқынды дамып, көптеген мықты туынды шығарды.
Махаббат бекеті фильмін белгілі режиссер Талғат Теменов түсірді. Картинада Гүлназ есімді оқушы қыз бен Орал есімді жігіттің оқиғасы баяндалады. Мектепке жаңадан келген оқушы қызға Оралмен қоса Жеңіс атты сыныптасы ғашық болады. Алайда Гүлназдың көңілі Оралға ауып, екеуі уақыттарын бірге өткізе бастайды. Дегенмен Жеңіс оңай жеңілмеуге бекінеді. Осылайша екі жас өсек пен күндестік сықылды кедергілерге тап болып, талай қиыншылықты бастан кешеді. Арада біраз жыл өтіп, уақыт сырғи береді де тағдырдың айдауымен күндердің күнінде Орал мен Гүлназ екеуі ең алғаш кездескен бекетте қайта қауышады. Басты рөлдерде Баян Мұхитденова (Есентаева), Қуанышбек Әділов, Бөпеш Жандаев секілді актерлер ойнады.