Бүгін жазушы-драматург Ермек Аманшаев 52 жасқа толып отыр.
Ол – ҚР Жазушылар одағының, театр қайраткерлері қоғамының мүшесі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 2008-2014 жылдар аралығында "Қазақфильм" АҚ-ның президенті болып қызмет етті.
Ермек Аманшаев – «Үзілген бесік жыры», «Қыр астындағы сол ғажайып әлем», «Сұлтан болсам мен егер», «Жұлдыздарда бір сыр бар» пьесаларының, «Мен Абылайды әке дер ем», «Мұхтар Әуезов», «Албасты туралы аңыз» атты деректі және көркем фильмдердің авторы. Франц Кафканың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Бүгін назарларыңызға оның кино ордасында қызмет еткен тұсында түсірілген фильмдерді ұсынып отырмыз.
Көркем фильмдер:
1. «Мұстафа Шоқай», режиссері Сатыбалды Нарымбетов, (2008)
2. «Сталинге сыйлық», режиссері Рүстем Әбдірәшев, (2008)
3. «Келін», режиссері Ермек Тұрсынов, (2009)
4. «Алашорда», режиссері Қалила Омаров, (2009)
5. «Біржан Сал», режиссері Досхан Жолжақсынов, Рымбек Әлпиев, (2009)
6. «Афалинаның қарғуы», режиссері Эльдор Оразбаев, (2009)
7. «Сіз кімсіз, Ка мырза?», режиссері Қуат Ахметов, (2009)
8. «Бақсы», (2008)
9. «Секер», режиссері Сәбит Құрманбеков, (2009)
10. «Бәйтерек», режиссері Данияр Саламат, (2009)
11. «Махаббат тәлкегі», режиссері Александр Черняев, (2010)
12. «Алқызыл қоян туралы аңыз», (2010)
13. «Астана — арман қала!», «Астана — махаббатым менің!» (2010)
14. «Көшбасшы жолы. Балалық шағымның аспаны (1-бөлім)», режиссері Рүстем Әбдірәшев, (2011)
15. «А-ға оралу», режиссері Егор Кончаловский, (2011)
16. «Ликвидатор», (2012)
17. «Студент», режиссері Дәрежан Өмірбаев, (2012)
18. «Шал», Ермек Тұрсынов, (2012)
19. «Жау Жүрек Мың Бала», Ақан Сатаев, (2012)
20. «Көшбасшы жолы. Отты өзен (2-бөлім)», режиссері Рүстем Әбдірәшев, (2013)
21. «Көшбасшы жолы. Теміртау (3-бөлім)», режиссері Рүстем Әбдірәшев, (2013)
22. «Көшбасшы жолы. Тығырықтан жол тапқан (4-бөлім)», режиссері Рүстем Әбдірәшев, (2014)
Анимациялық фильмдер:
1. «Аңшы», 2010
2. «Супер Баха», 2011
3. «Ер Төстік пен Айдаһар», 2013
4. «Кенже батыр»
5. «Өмір бұлағы»
6. «Кім патша болады?»
7. «Қошқар мен теке»
8. «Сайғақ».
Ескерту: Материалды дайындауда Уикипедия ашық энциклопедиясындағы мәліметтер пайдаланылды
сурет: brod.kz