Режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі 29 қыркүйекте үлкен прокатқа шығады. Бұл туралы режиссердің өзі әлеуметтік желілерде картинаның трейлерін жариялап, Instagram желісінде хабарлады. Фильмді жасаушылардың айтуынша, «Анаға апарар жол» көптеген өмір сынақтарынан өткен адамның тағдыры туралы әңгімелейді. Барлық қиындықтарды жеңуге оған ана махаббаты күш береді. Кейіпкердің өмір жолы арқылы картинада қазақ халқының тарихи кезеңдері көрсетілген.
Фильмнің түсірілімі Қазақстанда, Әзербайжанда және Беларусьта өтті. Басты рөлдерді Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова және Еркебұлан Дайыров сомдады. «Анаға апарар жол» тарихи драмасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген, бас продюсері – Әлия Назарбаева.
Дереккөз: inform.kz